Әдеби шығармашылық мәні: табиғаты мен тарихы


Жазушы шығармашылығы және әдеби үдеріс сипаты



бет5/19
Дата10.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#91703
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
жазусессия

5

  1. Жазушы шығармашылығы және әдеби үдеріс сипаты

  2. Әдеби жанр және жазушы шеберлігінің көріністері

  3. Әдебиет теориясының мәселелері” Е.Ысмайылов

Есмағамбет 1940
6

  1. Жазушы және өмір: уақыт және әдебиет

  2. Әдебиет және эстетика: суреткерге тән ерекшеліктер

  3. Сөз өнері” Қабдолов

1970 жыл
«Сөз өнері» әдебиет әлемінің бар сырын ашып, сөз өнерінің басқа өнер салаларынан артықшылықтарын дәйекті пікірлерімен дәлелдейді, әдеби туындыдағы эстетикалық пайымға да диалектиканың жан-жақтылығымен қарайды. Ондағы жүйелі теория, нақты айқындаулар, дәлелді, негізгі толғам, тұжырымға жол ашады
Біріншіден, бұл кітап – оқулық және монография, сонымен бірге
зерттеу еңбек қызметтерін кешенді түрде атқаруға әбден лайық дүние,
рухани азық және соған сай атқарып та келеді.
Екіншіден, филологиялық мамандықтар беретін оқу орындарының
білім бағдарламаларындағы «Әдебиеттануға кіріспе» (1-курс), «Әдебиет
теориясы» (4-курс) сияқты пәндердің мазмұндық-пәндік сипаты негізінен
«Сөз өнеріне» тәуелді, соған жүгінеді.
Үшіншіден, ұлт әдебиеттануының қазақ топырағында туу, қалыптасуында, жетіліп-жетісуінде аталған үлкен саланың (сөз өнерінің) негізгі бағыты әдебиет теориясымен қатар әдебиет тарихы, әдебиет сыны делінетін арналарының табиғатын танытуда «Сөз өнері» жан-жақты, толыққанды яки кешенді (оқулық, монографиялық зерттеу) қызмет атқарып келеді. Бұл айтылғандардың сыртында филологиялық ЖОО кейінгі жалғасатын магистратура, докторантура шәкірттері мен ізденушілерге, филолог-мамандарға беретін білімі мен тәлімі, сонымен бірге жалпы сөз өнеріне ден қойып, ықылас танытқандарға рухани азық боларлық өнегесін айту да ләзім.
«Сөз өнерінің» сегіз тарауын жеке-жеке алып, ой сүзгісінен өткізбес
бұрын оның әр жылдардағы өзгеріс-толықтырылуына назар аударсақ, кітап авторы былайша сыр шертеді: «1961 жылы біз тұңғыш рет мемлекеттік университеттер мен педагогикалық институттарға арнап «Әдебиеттану негіздерінен» бағдарлама жасадық. Ол бірнеше мәрте басылып шықты.
Кітаптың «Сөз басы» атанған кіріспесінде автор қазақ топырағындағы
әдебиет туралы ғылымның туу, қалыптасу дәуіріндегі әдебиеттің тарихы мен
сынының жеткен жетістіктерін сөз ете отырып, кенжелеп қалған сала ретінде
әдебиет теориясының мәселелеріне айрықша ден қоя әңгімелейді. Әйтсе де,
осыған дейінгі А.Байтұрсынов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев және т.б.
еңбектерінің пайдалы тұстарын айта келе, орыс тіліндегі Г.А.Абрамович [7],
Л.И.Тимофеев [8] кітаптарының үлгілі жақтарын өнеге етеді. Ғалым
пайымынша жоғарыда есімдері аталған ғалымдармен қатар кеңес және орыс
әдебиеттануы зерттеушілерінің, яки А.М.Горький атындағы дүниежүзілік
әдебиет институтының ғылыми қызметкерлері дайындап, жарыққа шығарған
үш томдық «Әдебиет теориясы» [9] кітабы «айтылмыш саладағы ірі адым,
іргелі еңбек» боп табылады. Аталған оқулық пен оқу құралдарының ұтымды
тұстары мен «толып жатқан даулы тұстарына қарамастан, әдебиеттанудың
кеңестік кезеңіндегі әжептәуір әдемі құбылыс екенін аңғартса керек» [7, 6 б.]
– деп ой түйеді ғалым. Оқулық –монографияның «Сөз басына» отыз екі
жылдан кейін қайтадан толықтыру енгізген З. Қабдолов: «Әр дәуірдің
әдебиеті – сол дәуірдің айнасы. Сөз өнерінің өмір шындығын «шыңдап» қана
қоймай, келешекке – келер ұрпақтан ұрпаққа «шегелеп» қалдыратын
құдіретті күш осы арада жатыр» [7, 9 б.] – деген байламды қош көреді

Оқулық-монографияның «Сөз өнері туралы сөз» аталатын 1-тарауы


көркем әдебиеттің не екені туралы, оның шығу төркіні мен өзіндік жеке-дара
табиғаты жайлы әдеби толғаныстан тұратын қилы қиындықтардан түзілген.
Қисын болғанда жай, құр баяндау ғана емес, көркем тілмен көмкерілген ой-
өрнектерден өрілген, оқырманын немесе ізденушісін еріксіз өз соңынан ертіп
және елітіп отыратын дәрістер тізбегі десек, дұрыс айтқан болармыз.
Әдебиеттің – сөз өнері екендігін кітап авторы басқа да көркем өнер
түрлерімен (мәселен, мүсін, сурет, ән, сәулет т.б.) байланыстыра,
сабақтастыра баяндайды. Мықты суретші Микеланджело, шынайы драматург
Шекспир, сырбаз сазгер Глинка, нәзік лирик Абай, сарабдал суретші Суриков
сияқты өнер алыптарының өнер тудырудағы шығармашылық келбеттерін
үлгі етеді. Әйтсе де ғалым түсінігінде, түсінігінде емес, түсіндіруінде
«өнердің көп салаларының ішінде ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі» - көркем
әдебиет. Сөз өнерінің соншалықты керемет, соншалықты құдіретті өнер
екенін еңбек авторы өзіне дейінгі айтылып, қалыптасып кеткен сыншы
ғалымдар мен жазушы-суреткерлердің қисындарынын үзіктер келтіре
отырып,
оны
одан
әрі
дамыта
баяндайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет