Әдеби шығармашылық мәні: табиғаты мен тарихы



бет19/19
Дата10.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#91703
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Абай энциклопедиясы – ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен ақындық жолына арналған энциклопедия. 
Қазақстан үкіметінің 1990 ж. 22 ақпандағы «Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуына әзірлік және оны өткізу туралы» қаулысына сәйкес шығарылды. Кітапты «Қазақ энциклопедиясы» әзірледі. 1995 ж. «Атамұра» баспасынан қазақ тілінде жарық көрді. Энциклопедияға жинақталған материалдарда ақынның төл шығармалары мен аударма туындыларына, қара сөздері мен тарихи-зерттеу мақалаларына жан-жақты талдау жасалған. Ұлы ойшылдың филос., әлеум., діни, психол., пед., экон., этик., эстет. көзқарастары мен дүниетанымына кең орын берілген. Абайдың өмір жолы мен ортасы, ұстаздары мен шәкірттері, ата-тегі, кейінгі ұрпақтары, шығармаларында аталатын жер-су атаулары мен есімдер туралы мағлұматтар да мол. Энциклопедияда ақын шығармалары тақырыбында күрделі зерттеулер жүргізген ғалымдар, оның өлеңдерін аударған шетелдіктер туралы да деректер бар. Ақынның әр жылдары жарық көрген басылымдары мен Абай туралы жеке ғыл.-зерт. еңбектеріне қысқаша анықтама берілген. 
Кітапты әзірлеуге Қазақстан ғалымдары мен көрнекті абайтанушылар, шетелдік авторлар тартылған. Абай энциклопедиясының авторлары мен шығарушылардың бір тобына (З.Ахметов, М.Мырзахметов, Р.Сыздықова, М.Құл-Мұхаммед) 1996 ж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бас редакторы Р.Нұрғалиев.
25

  1. Жоқ

  2. Жоқ

  3. Абайдың жұмбағы романы

Рамазан Тоқтаров «Абайдың жұмбағын» жазуға үлкен дайындықпен келген. Тоқтаров жазушы Мұхтар Əуезовтен шыққан «Абай жолы» романын негізге ала отырып, бес кітапты біріктіріп, жаңалығымен «Абайдың жұмбағы» атты роман-хамсасын қалың оқырманға ұсынды. Бұл шығарманы жазуда үлкен мəн бар. Себебі, туындыны оқи отырып, «Абай жолында» жазылмай қалған кейбір тұстарын байқаймыз жəне Абайдың өміріндегі айтылмай қалған маңызды оқиғаларды анық аңғарамыз.
Роман-хамса, автордың пайымдауынша, ақынның əдеби бейнесін толымдырақ етіп жеткізу үшін əлі де қамтылмай келе жатқан жайттар баршылық. «Бір Абайдан сан кісінің саралы өмірі тұр. Абайдың не бергені — біздің қолымызда. Өзінің өмірден не алғаны, қалай алғаны — жұмбақ. Ол жұрт көрмегенді көрді, жұрт сезінбегенді сезінді. Қалай көрді, қалай сезінді, түсінік-түйсігі қай дəрежеде қалыптасты? Не нəрселерге көбірек əсерленді? Абайдың достығы, мейірбанды жүрегі, махаббатығы, сүйініш-күйініші — бəрі өзгеше».
Ілтифат-хат түрінде жазылған пролог пен роман-хамсаны түйіндеген эпилогтың арасында əрқайсысы жеке-жеке кітап түрінде ұсынылған бес бөлімнен тұратын бұл ілгері туынды ұлы Абайдың жарық дүниеге келген күнінен бастап бақиға аттанғанға дейінгі бүкіл өмірін қамтиды. Онда өзінен бұрынғы айтулы эпопеяның егініне түсіп еркінсу де, онымен бой теңестіремін деп тыраштық білдірген əдепсіздік те жоқ, өз тынысы мен өз əуені өзінде дара туынды.
Абайдың атасы Өскенбай Ырғызбайұлы (1773–1850) тобықты руының атақты биі болған. Өскенбай заманы тəуелсіз Қазақ хандығы мен Ресей империясының отаршылдық заманында өмір сүрген. Құнанбай əкесі Өскенбайға 1851 ж. ас бергенде 6 жасар Абай əжесімен бірге сол асқа барған еді. Бала Абай жастайынан атасы Өскенбай заманын, онда болып өткен түрлі оқиғалар мен ру таласын, саяси-əлеуметтік мəселелерді сезініп өссе, олар жайлы тарихи əңгімелерді ел аузынан естіп, көкірегіне түйіп өсті. Өйткені ол заман əлі де болса қазақтың көшпелі өмірі мен əдет-ғұрпын, ұлттық салт-санасы, дүниетанымы сол қаз-қалпында сақталып, өзгеріссіз тұрған кезең еді.
Осындай ерекше зерек зейін-зердесі арқасында ол бес жасында ауыл молдасының алдынан дəріс алып, тез арада хадим əліппесін игереді. Көп ұзамай Құранға түседі. Оның сыртында «Бозжігіт», «Құламерген мен Жоямерген» сияқты ертегі-хиссаларды да зуылдатып оқи беретін болады.
Бұл жасөспірім баланың сегізден тоғызға қараған шағы еді. Бір күні оған пейілі түсіп отырған əкесі қасына шақырып алып:
Балам, сені алдағы жаз оқуға апарам, — дейді. Содан кейін сəл кідіріңкіреп, толғанып отырып сөзін жалғастырады: — Ендігі жерде білекті емес, білімді алатын заман келе жатыр. Сен Семей шаһарындағы үлкен мешіт қасынан ашылған Ахмет-Риза хазіреттің медресінен оқып білім аласың.
Əке сөзі екі болмайды. Келесі жылдың жазында Құнекең Абайды Семей қаласындағы медресеге алып барып, оның хазіретіне өз қолынан тапсырған. Кетіп бара жатқанда əке өсиеті мынадай еді: Балам он қой жарысса біреуі озып келеді, ол емес жүйріктік.Қатарыңнан жарысып озба, бойыңнан өнер шығарып оз. Өнбейтін нəрселерге ұмтыламын деп, отыңды өшіріп алып жүрме.
Дүние жүзіндегі ең бір шытырман, ең бір қиын, мағынасыз оқу — діни сабақтар жүретін медреседе Абай да оңай азап тартқан жоқ. Мағынасы жат діни кітаптардың əрбір харпіне шұқшиып, жаттап алуға мəжбүр болды, медреседе ересек адамдар да оқушы еді. Олар да құранның түсініксіз сөздерін жаттап, ораза тұтып, намаз оқығаннан басқа өмірге жуысатын пайдалы ілім ала алмаушы еді. Бар əңгімелері діни ереже болатын осындай ойсыз ортада жүрсе де, жас Абай олардың ауқымында, ықпалында қалып қоймады. Ислам дінінің кертартпа қағидалары оны қанағаттандыра алмады. Өмір үшін туған Абай сол діннің күңгірт дүниесінде адасып қалмай, сəулелі, нұрлы дүниеге қарай талпынды. Поэзияға ерте əуестенді.
Əрине, медреседе жүрген шəкірт Абайдың алғашқы өлеңдері, əсіресе тіл жағынан шұбарлау, халық тұрмысынан жырақтау еді. Кейінгі өте нəрлі, татымды піскен поэзиясына келе алған жоқ-ты.
Роман-хамсада Шоқанмен Абайдың алғаш кездесуі жасы сегізден тоғызға аса бергенде, өзінің айтуы бойынша, ақыл-есі кірген кезде, Құнанбай ауылында болған еді. Ат аяғы жетер жердегі игі жақсылардың біразы бас қосқан үлкен жиынға Шыңғыс Омбыдағы оқуын бітіріп, генерал- губернатордың қарамағында қызмет істеп жүрген баласы Шоқанды ерте келген. Сонда ол ауыл молдасынан сабақ алып, хат танып қалған бала Абайды ұнатып қалып, бойына үйір еткен. Оған өзі білетін біраз хиссалардан жатқа үзінділер айтқызып, өте риза болған. Оның келер жаз Семейге барып оқитынын естігенде, соған шын ниетімен қуанып, ағалық тілектестігін білдірген.
Келесі жылы қызмет бабымен Гасфортқа еріп Семейге барған сапары кезінде, қасында Достоевский бар Шоқан Ахмет-Риза медресесіне шəкірт Абаймен екінші рет кездесті. Өзін алғаш көргеннен бері бір бүйірінен шықпай қойғанын айтып:
Қалай оқуың көп пе, əлде тоқуың көп пе? — деп сұрағанда, Абай іркілместен:
Сол екеуі де аздық етпесе, көптік қылмас деп ойлаймын, Шоқан аға, — деп ұшқыр жауап беретіні бар.
Сонда Шоқан оның қолынан алып, салалы ұзын саусақтарына сүйсіне қарап тұрып:
Аздық етеді, бауырым! — дейді. Мұндағы оқуының үстіне орыстың оқуын қоса оқуға кеңес береді. Жарты əлемнің сонда тұрғанын айтады. Жəне соған Абайдың өз аузынан уəдесін алып кетеді.
Роман-хамсада Шоқанның Абайға айтқан ақылы, білімге жол сілтеуі, бағыт беруі екеуінің əңгімелерінен айқын аңғарылады. Соның мысалы ретінде мына бір жайтты келтіруге болады:
Арада біраз жыл өткеннен кейін Абай Шоқанмен үшінші рет кездеседі. Шоқан Қашғар сапарына барып қайтқаннан кейін, тарихи-ғылыми тұрғыдан үлкен жаңалық ашып, атақ-даңқы дүрілдеп тұрған шағы. Енді елге қызмет етпек болып, билік үшін шарға түсіп жатқанда, Құнанбай Абайды Атбасарға ерте барған. Бұл оның жігіт жасына келіп, үйленген, əке болған кезі болатын.
26

  1. ЖАзушы еңбегі және шеберлік арналары: деталь және диалог қызметі

  2. Реализм әдеби үдерісі уақыт

  3. Ершу “шығармашылық лабораториясы” қолтаңба ұстаным


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет