Қазақтың төл әдеби тілі ауызша дамыған авторлы поэзия түрінде оның халық болып құралған кезеңінен, XV-ХVI ғасырлардан басталады, ал ескі жазба әдеби тілі XVI-ХVII ғасырлардан, жаңа ұлттық, жазба әдеби тілі XIX ғасырдың II жартысынан басталады (Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев, Б.Әбілқасымов, А.Ысқақов, Ә.Құрышжанов т.б.).
Филология факультеттерінің студенттеріне арналған «Ер- тедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясын» құрастырушылар (Б.Кенжебаев, Х.Сүйінішәлиев, М.Жолдасбеков, М.Мағауин, 1967)қазақ әдебиетінің тарихын бес дәуірге бөледі:
Көне дәуір (V-ХIV ғ.) – қазақ қауымының рулық-ұлыстық дәуірі. Бұл кездегі әдеби шығармалар – көптеген түркі халық- тарына ортақ мұра.
ХХ ғасырдың басындағы (1900-1920) бұқарашыл әдебиет.
Социалистік дәуір әдебиеті.
«Қазақ Совет энциклопедиясында» берілген «Қазақ әдебиетінің ертедегі нұсқалары» деген мақалада түркі тілдес халықтар мен қазақ ру-тайпаларының әдеби туындыларын мынадай тарихи дәуірлерге бөліп қарайды: IV – VIII ғ. – түркі дәуіріндегі әдебиет.