белгілерімен орын ауыстыра қолдану. Ауыстыру тәсілінің бұл түрі көркем
туындының идеялық эстетикалық
көркемдігін арттырып, мағыналық
өсерлілігін күшейтеді. Мысалы: түз патшасы (арыстан), дала кемесі
(комбайн), дала қоңырауы (Ыбырай Алтынсарин), қара алтын (көмір), ақ
алтын (мақта), пәниден бақи кетті, аққу ұшып көлге кетті (өлді) және т.б.
Роман
(франц. roman, нем. ағылш. Novel ) – көпжелілі эпикалық шығарма .
Романда ұзақ уақыт байтақ кеңістік қамтылады.
Кейіпкерлер бейнесі ол
өмір сүрген уақытпен суреттеледі. Қазақ әдебиетінде роман жанрын
М.Дулатұлы, Т.Жомартбаев, С.Көбеев, Ж.Аймауытұлы, Б.Майлиндер
қалыптастырды. М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романы - ХХ ғасыр
басындағы ұлттық әдебиетке қосылған үлкен табыс.
Роман-эссе
- роман мен эссе жанрларының негізгі ерекшеліктерін
жинақтаған әдеби жанр. Мұнда бір
дәуірдің көпжелілі оқиғасы
кейіпкерлердің өмір сүрген уақытымен суреттеліп, оқырманды тың
ойларға, соны болжамдарға жетелейді. С.Сейфуллиннің «Тар
жол тайғақ
кешу», С.Мұқановтың «Өмір мектебі», Ғ.Мүстафиннің «Өмір белестері»
шығармаларында мемуарлық сипат басым. Ұлттық әдебиетте О.Бөкейдің
«Ел мен жер», Қ.Салғараның «Алтын тамыр», «Көмбе», «Қазақтың қилы
тарихы», «Қазақтар» атты төрт томдық роман-эссесі, З.Қабдоловтың
«Менің Әуезовім», М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» т.б. роман-эсселері
бар. Бұл шығармаларды мазмүнына қарай өз ішінен бірнеше топқа бөлуге
болады. Мәселен, М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесінен тарихи-
биографиялық ерекшелік байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: