Әдебиет теориялары  Аллегория



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата11.09.2023
өлшемі414,29 Kb.
#106886
түріДерексіз
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
әдебиет теориясы жаңа бағдарлама

Градация (дамыту)
— алдыңғы сөзден соңғы сөздің , алдыңғы ой - 
пікірден кейінгі лебіздің , әдепкі құбылыстан екінші құбылыстың екпін 
қуатының күшейіп, өсіп отыруы. Бұл көркемдік тәсіл құрылыс, жүйесі 
ұқсас бірыңғай сөйлемдердіц іріктеліп шығуына, ой- пікірдің өткір, әсерлі 
айтылуына әрі мағыналық өрістің кеңеюіне кең өріс ашады. Абайдың 
«Келдік талай жерге енді» деген өлеңіндегі «Сергі, көңілім, сергі енді, «Үш, 
көңілім, көкке, кергі ендi», «Өрбі, сезім, өрбі ендi» деген шумакаралық 
жолдар дамытуға құрылған. Сондай-ақ ақынның Отыз жетінші қарасөзінде 
«Биік мансап биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп 
ұшып қыран да шығады» немесе Бесінші қарасөзіндегі «Көкірек толған 
қайғы кісінің өзіне де билетпей, бойды шымырлатып, буынды құртып, я 
көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады, деген жолдар да дамыту 
әдісіне жатады. 

Гротеск
(франц.Gratesque - таңғажайып, өзгеше келбетті) – шынайы, 
нақтылы өмір мен фантастиканың шарпысуынан, әдепкі және таңғажайып 
оқиғалардың, кейіпкерлердің тоғысуынан тұратын, жақсы мен жаманды, 
қайғы мен күлкіні т.б. шендестіруге қүрылатын, ажуа, күлкіге ерекше мән 
берілетін көркемдік бейнелеу тәсілі. Түпкі мағынасы грот (үңгір) деген 
сөзден шыққан, себебі ескі заманнан қалған үңгірлерде кездесетін, адамның 
келбетін, жануарлар мен өсімдіктердің әлпетін батыстырып, бір-бірімен 
араластыра бейнелеген әшекейлі өрнек суреттер осылай аталған.

Ғылыми фантастика
- фантастикалық әдебиеттің жетекші саласы. 
Ғылыми фантастикалық шығармалар ғылыми-техникалық прогреспен 
тығыз байланысты. Фантастикалық туындылар аса күрделі философиялық, 
психологиялық туындылар қатарында саналады. Қазақ әдебиетінде 
ғылыми-фантастикалық роман, повесть, әңгімелер жеткілікті. А.Машанов, 
Т.Сұлтанбеков , М.Сәрсекеевтер қазақ әдебиетіндегі фантастиканың негізін 
салды. А.Мархабаев, Р.Баймаханов, Р.Бектібаев, Ж.Сахиев тәрізді 
жазушылар ғылыми фантастиканы қалыптастырды. Фантаст-жазушы 
Ж.Сахиевтің ғылыми - фантастикалық «Айдағы жасырынбақ», «Дабыл» 
әңгімелерін атауға болады.



Диалог
– екі немесе бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы пікір 
алмасатын ауызекі сөйлеу формасы. Диалогте сұрақ қою арқылы 
сұхбаттасушы өзі күткен мәліметті ала алады.

Драма 
(грек.drama - қимыл-әрекет) – сахнаға арналған әдеби шығарма. 
Оқиға кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл күйін көрсетумен баяндалады. 
Драмаға шиеленіскен оқиғаны тартысқа құрып, шарықтау шегіне жеткізу 
тән. Кейіпкерлер айтатын сөзі қимыл-әрекеті, жүріс-тұрысымен 
ерекшеленеді. Мұнда лирикалық және эпикалық тәсілдер қабысып, 
ұштасып жатады. Бүл жанрды Ж.Аймауытұлы, М.Әуезов, С.Сейфуллин, 
Б.Майлиндер қалыптастырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет