Әдебиет теориялары  Аллегория


эпифора деп аталады.  Қаһарман



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата11.09.2023
өлшемі414,29 Kb.
#106886
түріДерексіз
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
әдебиет теориясы жаңа бағдарлама

эпифора
деп аталады.



Қаһарман
– әдеби шығармадағы жағымды қасиеттерге ие немесе мінезінен 
жағымды қасиеттер басым байқалатын, авторлық идеалға сай келетін 
әрекет етуші тұлға, көркем бейне.

Қаһармандық образ
– ұнамды кейіпкер: адамға тән небір тамаша 
сипаттардың шоғыры секілді сом тұлға, өз дәуірінің ең аяулы, асыл 
мұраттарынан туған тарихи тип.

Лирика
– көркем әдебиеттің негізгі саласының бірі. Лирика ауыз әдебиеті 
үлгілерінен бастау алады. Мұнда адамның көңіл күйі, сезім дүниесі 
бейнеленеді. Лириканың басты ерекшелігі – сезім күйлерінің нәзіктігі, 
сыршыл сезімнің басымдығы. Түріне қарай 
саяси-әлеуметтік лирика, 
философиялық лирика, көңіл күй лирикасы, махаббат лирикасы, табиғат 
лирикасы
деп бөлінеді.

Лирикалық жанр
. Мұндағы өмір шындығы адамның көңіл күй 
сезімдерімен бейнеленеді. Лириканың басты сипаты - өмір құбылыстары 
ақынның көңіл күйі, ой-сезімі тұрғысынан бейнеленуі. Лирикалық 
жанрдың элегия, эпиграмма, ода, толғаныс секілді түрлері бар. Лирикалық 
шығармалар тақырыбына, құрылысына қарай бірнеше топқа жіктеледі.

Литота
(грек. Litotes – қарапайым, қораш) - әдебиеттегі белгілі бір нәрсені 
шамадан тыс кішірейте, құлдырата суреттеу тәсілі. Батырлар жырларында, 
өтірік өлеңдерде литота жиі қолданылған. Литотаның мақсаты – тосын әсер 
туғызу. Мысалы: «
От орнындай тұяқтан, оймақтайы қалыпты» («Ер 
Тарғын» жырынан).

Лейтмотив
– әдеби шығармада кейіпкердің немесе оқиғаның сипатын ашу 
үшін үнемі қайталанып келіп отыратын бейнелі ойдың атауы ретінде 
қолданылады. Лейтмотив қайталана келіп, идеялық, психологиялық 
символдық терең мәнге ие болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет