«Король Лирдің»
басты оқиғасына сəйкес келмейді.
Бұл көріністе əділдік идеясы романстардың архаикалық режимінде
көрсетіледі. Жекпе-жек шайқас Эдгардың күшті екенін дəлелдеп қана
қоймайды, сондай-ақ оның талаптарының да, Эдмундтың сатқындығын
формальды түрде жеткізген тұжырымының да орынды екенін дəлелдейді.
Шайқас кезінде кесілген үкімді «ақиқатында əділ адам өз ісінің
дұрыстығының арқасында жеңіске жетті» деген мінсіз формада
бейнелейді,
11
бұл пікірді адамның бұрын басынан өткен сынақтарына
қатысты айтуға да болады, яғни іріңді жара айыпталушы кінəлі болған
жағдайда ғана жұқпалы. Пьесада дəстүрлі стильде бейнеленген шайқас
Құдайдың əділдігі адамның істерінен көрініс табады деген көне
(архаикалық) тұжырымды қайта бекіте түскендей болады. Ол Лирдің
əділеттің қалыптасқан қағидалары əлемнің зұлымдығына (оның жазғыру
жəне үкім шығаруға қатысты есалаң пародиялары) лайықсыздығын
қиялдауы ғана емес, сондай-ақ Корнуолл мен Гонерилдің үстемдігі жолына
əділетті құрбан етумен қарама-қарсы қойылған. Корнуолл Глостердің көзін
ойған сəтте, əділдіктен гөрі өш алуды көбірек ойлайды:
Заң бойынша сот құрып, үкім кеспей тұрғанда,
Ол немені жазалауға болмайды.
Дегенменен жексұрынды желкелеп,
Өш қайтарып алайық. О, опасыз!
(4.6.75–9) (Ə.К.)
Гонерил Эдмундтың жекпе-жекте құлап түскен кезінде: «Егер заң оның
мүддесін жақтайтын не қорғайтын болса, ол заңның артықшылығын
пайдаланып қалмақ, бірақ басқа жағдайда ол заңды белінен басады», – деп
жұрт алдында жымысқы жауап қатады. Эдмунд құлағанда, Гонерил жекпе-
жекті реттеуші ережелердің Эдмундтың шынтуайтында жеңілмегенін
айғақтайтын елеусіз тұстарын айтып өтеді:
Қастандықтың құрбаны болдың, Глостер,
Аты-жөнін айтпаған Қаңғыбаспен қайдағы
Сайысқа шығып нең бар ед!
Сені бұлар жеңген жоқ,
Мерт қылып тұр айламен. (5.3.151–4)
(Ə.К.)
Бірақ Альбан герцогі оны кейінірек жасаған қиянатын дəлелдейтін
айғақпен ұстап алғанда, Гонерил өзі шығарған заңнан жоғары екенін алға
тартады:
Заң менікі, сендік емес.
Кім мені сол үшін жазғырмақ? (5.3.158–9) (Ə.К.)
Гонерилдің заңнан тыс билеуші екенін мəлімдеуі, соғыс кезінде жекпе-
жекті əділдік тұжырымдамасы ретінде ұстанып, үкім етіп тағайындауы
ортағасырлық монархтың заңға бағынып, билік жүргізу идеясына анық
қайшы келеді. Оның артықшылықты деспоттық түрде, қарабайыр əрі
заманға сай анықтайтын сипаты өз əкесінің билікті өз сөзімен қосарлауын
(патшалығын ойланбастан бөліп беруін немесе Корделияның патша тегіне
туыстық жақындығын үзілді-кесілді жоққа шығаруын) еске салады. Жекпе-
жекте əділдіктің салтанат құруы, бір жағынан, əдет-ғұрып пен салт-
дəстүрдің көрініс табуы да.
Шайқастағы сот талқылауы заң мен əділдіктің болмысын ғана көрсетіп
қоймай, сөз бен ырым-жоралғының шынайы өмірді бейнелейтінін алға
тартуы тиіс болатын. Алдын ала бекітілген заң бойынша сын сағатында
айыпталушы сөзбе-сөз жауап қайтаруы керек еді.
12
Себебі Эдмунд
алғашында Альбан герцогінің, кейін Эдгардың шақыртуына жауап
қайтарғанда, Эдмунд осы заңға сай əрекет етіп жатқан кейіп танытады.
Пьесадағы барлық іс-əрекет – Альбан герцогінің шарты һəм өзара қолғап
алмасуы, Эдгарды жеңімпаз ретінде жариялаған жаршы мен үш кернейдің
даусы, Эдгардың осы кездегі дауыс мақамы – бəрі де алдын ала мұқият
ойластырылған (5.3.126–41). Жекпе-жектегі жеңіс дəлелі, осы кезде болған
оқиға мен шынайы өмірдің үйлесімдігі ауызша айтыстың жалған екенін
ашып
беретін
пьесаның
бірінші
сахналық
көрінісімен
ғана
шендестірілмейді,
сондай-ақ
кейінгі
көріністегі
Лир
қиялының
мазмұнымен
салыстырыла
беріледі.
Айналасында
болып
жатқан
жайлардың шындыққа еш жанаспайтынын білген сəтте Лир əділетті аяққа
таптап, зұлымдыққа бел буады:
Жарқылыңнан айналайын, жай оты,
Жаһаннамда жарты шөңге қалдырмай
Өрте бəрін, өрте менің
Қуарған қу басымды,
Жаңбырша құйып жарқылдаған жасыңды
Жұмыр жерді нан қып илеп, жанышта… (3.2.53–7) (Ə.К.)
Мынау ұрғашы деген дозақы
Бет-аузына қарасаң – тұнып тұрған иман, рақым,
Періште деп қаласың,
Төсекте көрсең, ал енді,
Құтырған құзғын сияқты
Тірілей қақтар сөліңді. (4.6.120–5) (Ə.К.)
Лирдің түсінігіне сəйкес, əділдік формалары судьяны ұрыдан ажырата
алмас өмірдегі (4.6.151–6) шындықпен еш жанаспайды. Эдгардың сыр
бермей, тектілігін танытып, əрі сөзі байыпты жеңімпаз ретінде шынайы
аудиторияның яки оқырманның үмітін ақтайтын сəті – осы сөзге үлкен
контраст:
Альбан герцогі Сымбатыңды көргеннен-ақ,
Текті екеніңді білгенмін. (5.3.175–6) (Ə.К.)
Эдгар жеңісінің формалды көрінісі Лир қиялының бөлшектелген
формасына əрі оның мазмұнына қарама-қайшы келеді. Төртінші актідегі
корольдің қатты сандырақтаған тұсында, оның көз алдына елестеген
шайқастағы сот рəсімдері (
Достарыңызбен бөлісу: |