нұқсан келтіретін элементтерді бағалайтын сияқты. Өмірдің аяқталған
хикаясын іздеудің орнына, Левинас (Леирис сияқты) жазу əрекетіне де-
нарратив (нарратив емес) ретінде, нарративті ишаралардың көбеюі мен
жойылуы ретінде қызығушылық танытады. Өткен балалық шақ яки «Мен»
сезімі жазу үдерісінің ұдайы өзгеріп тұратын құрылымдары ретінде
қарастырылады. Жазудың осы жоюшы һəм ассоциативті тəсілі Левинас
үшін «түсінік пен бірегейліктің классикалық категорияларының шегінде
жатқан ой» (146) секілді көрінеді. Соңында Левинас Леиристің əлі де
көрнекі һəм кеңістік элементтеріне беретін біріншілік (сұхбатқа түскен екі
адамның біреуінің басымдығы) жайлы болмашы сыни ескертуін де айта
кетеді: «ойдың мазмұны» болып саналатын «Сөз» жанды сөз – Лебізден
басым тұрады (149).
Тек Марсель Прусттен ғана Левинас өзінің нарратив идеалын тапқан
тəрізді. Əдебиет бойынша ертеректе жазылған келесі бір мақаласы
«Прусттегі Басқада»
Достарыңызбен бөлісу: