Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет273/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Ескертпе
1. 
«Mon pouvoir de pouvoir».
2. 
Treatise 
Synhedrin
, 104 b.
3. 
Plato, Republic, 327 b.
4. 
Редакция Таннери, Т. VII, бб. 45–6. [«... күмəнсіз шексіз субстанция шектеулі субстанцияға
қарағанда шынайырақ. Сондықтан менің шексіздік жайлы пайымым қандай да бір түрде
менің шектеулі зат жайлы түйсігімнен бұрын келуі тиіс, яғни менің Құдай жайлы түсінігім
өзім жайлы ұғымымнан бұрын тұруы тиіс. Өзімнің күмəнданып жəне қалап тұрғанымды
қалай біле аламын дегенге келсек, менде бір нəрсенің жетіспейтінін əм өзімнің толық
жетілмегенімді білу маған қарағанда, əлдеқайда кемел болмыстың барлығы жайлы идея
арқылы сақталады. Өзімді онымен салыстыра отырып, мен кемшіліктерімді тани аламын».
Ағылшын тіліне аударған Норман Кэмп Смит, Декарт, 
«Философиялық жазбалар» 
(Нью-
Йорк, 1958), 205-бет].
5. 
«...мен мұнда Құдай жайлы толғануға, оның сипаттарын лайықты түрде бағалауға əрі осы
Нұрдың тіл жетпейтін сұлулығына қарап тамсануға біраз уақыт бөлемін. Бұл менің қараңғы
ақылымның қабілет-қарымының жеткен жеріне дейін, əрине. Оған өзімнің таңданысым мен
табынатынымды білдіру үшін дəргейіне жүгінемін. Құдайдың ұлылығы жайлы ойға батқан
кезде біздің Жаратушының (Басқа болмыс) бақыт пен мейірім нұрына бөленіп, шұғыласына
шомылатынымыз тəрізді осы толғаныста да, дəрежесі төмен əрі кемшін болса да, ұлы рақат
сезімді бастан кешіреміз. Біз өмір бойы осы ғажайып күйді сезініп өте аламыз». 
Ибид.,
211-
бет.
6. 
« ... түсіну немесе алу».
7. 
Қара: 278-б.
8. 
Қара: «The Truth of the Will», 240-б.


ЖЕТІНШІ ТАРАУ
Левинас және әдеби түсіндірме: Бодлердің «Кедейдің көзі»
туындысы
Куизма Корхонен
Куизма Корхонен – Оулу университетінің Әдебиет бөлімінің профессоры. «Мәтіндегі
достастық: қиялдағы кездесу жайлы эссе» (
Textual Friendship: The Essay as Impossible Encounter,
2004), «Өткен шақ соқпақтары: Хайден Уайт пен тарих/әдеби пікірталастар» (
«Tropes for the Past:
Hayden White and the History/Literature Debate»,
2006)

«Өнер мен философиядағы жүздесу
оқиғасы» (
«The Event of Encounter in Art and Philosophy», 
2010) және «Көлденең кездесулер»
(
Chiasmatic Encounters
) атты кітаптардың авторы. Ол өз еңбегінде әдебиетті этикалық жүздесу
әрі мәтіндік бірлік формалары ретінде қарастырады. Соңғы кездері мәдени жады этикасы
жөнінде қалам тартып жүр.
«Левинас нарратологиясы» оксюморон (
бір-біріне қайшы ұғымдардың
мақсатты түрде тіркеспен берілуі. – Ред.
)
 
сияқты естілуі мүмкін.
Шындығында, Эммануэль Левинастың ертеде жазылған «Шындық жəне
оның көлеңкесі» (
Reality and its Shadow
) мақаласындағы барлық өнер
туындыларына қатысты, оның ішінде, нарративтерге қатысты айтқан
сынына қарап, біз оның еңбегін нарративті талдауға жатқызуға
болмайтынын ескеруге тиіспіз. Мұнда Левинас, тұтастай алғанда, көркем
шығармалар сияқты романдар да шындықты белгіленген əрі тежелген,
көлеңкелі һəм мызғымас бейнелерге енуге мəжбүрлейді деп түйіндейді.
Романдар жанды уақытты сюжеттерге, тағдырлар мен мəндерге
айналдырады. 
Адам 
уақытының 
жанды 
ішкі 
сипатын 
нарратив
көзқарасының қозғалыссыз сыртқы күйіне ауыстырады:
«Роман кейіпкерлері қамаудағы, тұтқынға түскен адамдар сияқты. Олардың тарихы ешқашан да
бітпейді, одан əрі жалғаса береді, бірақ алға қарай жылжымайды. Роман адамдардың еркіндігіне
қарамастан, оларды тағдырдың билігіне байлап қояды. Өмір бейне бір кітаптағы оқиғадай өрби
бастаған кезде жазушыға деген мұқтаждық туады. Онда аяқталған бір оқиға бой көтеріп, бейне
бір фактілердің тұтас жиынтығы бір-бірімен байланыса, тізбектер туғызғандай көрінеді. Олар
нақты жəне айқын тоғысқан қос мезеттің арасында сипатталады. Уақыт кеңістігінде адам өмірі
үңгужолмен (
tunnel
) өтіп жатқандай болады. Жағдаймен байланысатын оқиғалар жасанды идеалға
ұқсас».
(1989b [1948]: 139)
Соңғы еңбегінде Левинас əдеби мəтіндерге ұдайы сілтеме жасайды. Əлі


күнге дейін Колин Дэвис (81–102) немесе Ханна Меретоя (алда айтылады)
ескерткендей, оның роман тəрізді нарратив формаларына қатысты айтқан
пікірлері күшін жойған емес. Левинастың соңғы тілдік қорында
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет