Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет362/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   369
Тауар фетишизмі 
(fetishism of commodities)
 
– Карл Маркстің капитализмде байлық тауарлардың
базарда сатылу сиқырынан пайда болады деген сенім бар дейтін идеясы. Негізінде, тауарларға
құндылық беріп тұрған жұмысшылардың еңбегі екеніне ешкім назар аудармайды жəне байлық сол
өтелмеген еңбектен құралады. Нарық биржасы кезінде байлық көзіне айналатын «үстеме құн» дəл
осы жұмысшылар еңбегі арқылы жасалады.
Телос, телеология 
(telos, teleology). «Телос» əлдененің соңын немесе діттеген мақсатты білдіреді,
ал «телеология» белгілі бір істің соңы мен мақсаттың қалай орындалғанын білдіреді. Көбінесе
жағымсыз немесе сыни тұрғыдан қолданылып, зерттеліп жатқан заттың бірегейлігіне құрметтің
жоқтығын, мысалы, оның қандай екенінен мағынасы тым алшақ терминдер негізінде тану
тенденциясын білдіреді.
Территориализация 
(territorialization),
 
(детерриториализация
 
– deterritorialization) – Жил Делөз
бен Феликс Гуаттаридің мемлекет сияқты идеологиялық жəне институционалдық режимдердің
адамдардың əлі айқындалмаған қалаулары мен өмірі барысына қалай бақылау орнататынын
сипаттайтын термині. Молекулярлық деңгейдегі қарымта қимылдар осындай билік режимдерін
детерриториализациялайды. Бұл процесс ұшудың азат етуші жолдары арқылы жүзеге асады. Осы
жолдарды Фрейд көрсеткен Эдип драмасындағы сценарийіндегідей жаңа белгіленген формаларда
ретерриториализациялауға болады.
Терістеу 
(negation) – диалектикалық талдау термині. Терістеу идея мен тіршілік иесінің логикалық
дамуына байланысты. Қабылдау сезімі оның терістеуі саналатын əмбебап идеяларды білдіреді. «Мен
белгілі бір сезімдік қабылдауларға ғана ден қоямын» деу «мен əмбебап идеяларға назар аударамын»
дегенмен бірдей. Гегель «əрбір анықтаманың өзіне тəн терістеуі болады» дейді.
Тұншықтыру
(repression). Фрейдтің айтуынша, бала өркениетті өмірге қадам басу шарты ретінде
өзін көрсетуіне мүмкіндік беретін бір қалауынан бас тартуы керек. Бұл қалау тұншықтырылады да,
бейсананың құрамдас бөлігіне айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет