Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет363/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   369
Тұрақты қайталаулар
(repetition compulsion). З. Фрейдтің айтуынша, бейсаналы қалау мен үрей
ешқашан біржола жоғалып кетпейтіндіктен, шешілмеген психологиялық қиындықтары бар біреу дəл
сол бейсаналы дүние көрініс табатын жəне үнемі қайталанатын жүріс-тұрыспен əрекет етеді.
Тұтастық 
(totality) – нақты заттар «оларға соңғы мағынаны дарытушы «тұтастық» арқылы
толыққанды сипат табатын үлкенірек бір агрегаттың бөлшегі ретінде қарастырар болсақ қана мəнге
ие болады» дейтін диалектикалық процестің нəтижесіне табан тіреуші марксизм термині. Оноре де
Бальзактың əрбір романы XIX ғасырдың басындағы француз өмірінің белгілі бір ықшамдалған
шағын картинасын береді, алайда ол шығармалар шағын тұрпатымен тұтаса келіп, сол қоғамның
толық көрінісін тануға жол ашады.
Тұтыну құны/айырбас құны/үстеме құн 
(use value/exchange value/surplus value). Карл Маркстің
көзқарасы бойынша, нарықта сатылатын тауарлардың тұтыну құны бар (мəселен, көлікті жүргізуге
болады), бірақ сонымен бірге олардың айырбас құны да бар. Оларды ақшаға айырбастауға болады
жəне бұл нарық айырбасының жүзеге асуына көмектеседі. Тауарлардың айырбас құнына сай келетін
ақшалай эквиваленті болады. Үстеме құн, Маркстің пайымдауынша, еңбек өнімі саналатын
тауарларға қатысты жəне капитализмнің іске асуы үшін тауарға жұмсалатын еңбектің құны арзанға
бағалануы тиіс. Жұмысшылардың тауардағы немесе сатылымға түскен тауардағы рөлі мен еңбегінің
құнына аз төлеу арқылы капиталистер үстеме құнды өздеріне алып алады. Үстеме құн –
жұмыскерлерге еңбек құнын толық төлемеудің нəтижесінде пайда болатын құн. Бұл – Маркстің
«еңбек құны теориясы». Ол барынша демократиялы жəне эгалитарлы посткапиталистік қоғамда
жұмысшылар өз еңбек құнының толықтай пайдасын көретіндей болады деп сезінді. Еңбек құны
оларға жеке мүлкі ретінде қайтарылып, капиталистердің меншігі болудан қалады. Жеке меншіктің


жойылуы ретінде қарастырылатын коммунизм (кеңес дəуірінде Маркстің орысшаға сөзбе-сөз
мағынада аударуының нəтижесі), іс жүзінде, жекеменшікті оның иелеріне толықтай дерлік қайта
орнатып берер еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет