Әдебиет теориясы. 1-том


Имманентті, трансцендентті



Pdf көрінісі
бет346/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   369
Имманентті, трансцендентті 
(immanence, transcendence). Имманентті болу деген бір нəрсенің
ішінде болуды білдіреді. Философияда бұл – материалдық əлемнің ішінде болу деген сөз.
Трансцендентті дегеніміз – тысқары немесе белгілі бір шектің ар жағында болу. Философияда бұл –
материалдық əлемнің сыртында немесе оның ар жағында болу.
Индекс, индекстік 
(index, indexicality) – істің қандай да бір күйін тікелей көрсететін көрсеткіш.
Мысалы, «қазір» деген сөз əңгімелесудің сəтін білдіреді. Киім əлеуметтік топтың немесе
мамандықтың көрсеткіші. Соттың киімі – институтты бірегейлік көрсеткіші.
Интерпелляция 
(interpellation) – Луи Альтюссердің тұлғаның даралығы көбінесе экономикалық
класс арқылы анықталатын капиталистік қоғамда адам өзін жеке тұлға ретінде қалай сезінетінін
сипаттайтын термині. Жеке тұлға ретінде мойындауға лайық «назар аударту» иллюзиясы, адамның


əлеуметтік тұрғыдан анықталуы төменірек экономикалық кластағы рөлінің айқындалу
ықтималдығын азайтады. Жеке тұлға кедей болса да, өзін еркін əрі бақытты сезінуі мүмкін.
Сондықтан «жаңылыс танылған» біреу капитализмнің құрсауында толымсыз жеке тұлға əрі даралық
рөлінде қала береді. Адам тіршілігіндегі материалдық жағдайының шынайы орнын байқамайды
жəне оның орнына құлдықты жаңылыс түсініп, еркіндікке балайды.
Канон 
(canon)
 
– белгілі бір саланы таныту үшін көпшілік арасында мойындалған əдеби
туындылардың жиынтығы. Канон ұғымы айналасындағы пікірталас əлі толастамағанмен, 
«Керемет
Гэтсби»
немесе
 
Нелла Ларсеннің «Жүріс»
 
сияқты бүгінде көп оқыла бермейтін сол дəуірдің құнды
кітаптары мен жоғары техникалық шеберлікпен əлеуметтік мəселелерді көтеріп, философиялық
өткір ойлар айта білген Джон Дос Пассостың «Манхэттен трансфері» тəрізді қазір көп оқылатын
жəне кеңінен зерттелетін шығармалар арасындағы айырмашылық осы ұғым аясында
қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет