Әдебиет теориясы. 1-том


Диспозитив  (аппаратты қараңыз). Диссеминация



Pdf көрінісі
бет342/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   369
Диспозитив
 (аппаратты қараңыз).
Диссеминация 
(dissemination) – Жак Дерриданың əрбір əдеби шығармадағы жəне кез келген тіл
жүйесіндегі үздіксіз мағыналық жалғастықты, таратуды білдіретін термині. Сондықтан мағынаның
соңы жəне мағынаның ең соңғы анықтамасына өту жайлы айту қиын, қалай болғанда да, келесі бір
мағынаға (белгіге) қатысты «із» қалады, бұл да ары қарай жалғастырып алып кетуді немесе тағы бір
тұжырымдауды күтеді. Осылай шексіз жалғасады.
Дифферанс, айырмашылық 
(différance, difference). Фердинанд де Соссюр тілдердің бойында
даралықтың жоқ екенін аңғарды. Тіл ішкі бөліктерінің өзара қарым-қатынасынан құралады. Оның
əрбір бөлігі тіл жүйесіндегі өзге бөліктермен қаншалықты деңгейде байланысты болғанына қарай
бірегейлікке ие болады. Мұндай салыстырмалы бірегейлік түсінігі айырмашылықты нəсілдік жəне
гендерлік даралықтың өмірде бар нормативті һəм иерархиялық идеалдарына қарсы балама ретінде
қойған. Бұл бағыныштылықтағы айырмашылықтың шығу тегін білмейтін феминистерге, гендерлік,
нəсілдік теоретиктерге қолайлы болды. Айырмашылық теориясы тұрғысынан алғанда, «ақ» – сыртқа
тебу, кемсіту сонымен бірге түсті жоққа шығарудың бəсең нормасы. Дəл солай, айырмашылық
тұрғысынан алғанда, «ақ» – түстің бір ғана реңкі (өзгелерден спектр бойынша дараланатын) ал,
негізінде, өзге кемшін түстердің түрінің нормасын немесе стандартын жіктейтін абсолют жоқ.


Айырмашылық теориясына сəйкес, дəл осы секілді ұзақ уақыт бойы жынысты түсінудің нормасы
мен стандарты болған ер адамның гетеросексуал даралығы адасу болады. Бұл – басқа гендерлік
талғам мен модуляциядан жоғары немесе бөлек тұратын норма, стандарт емес, бар болғаны,
түстердің спектрлері бойынша айырмасы жасалған мүмкіндіктердің бірі ғана.
Жак Деррида философияның тұжырымдамалары мен идеялары біркелкі дифференциаланады деп
тұжырымдады: табиғат/мəдениет, физикалық/технологиялық, бар болу/қайталау т.б. Əрбір негізгі
тұжырым өзін басқаның анықтауын талап етеді. Ол кеңістік пен уақыттың алғашқы процесін
анықтады, заттар бір-бірінен кеңістік тұрғысынан əркелкі жағдайда болса да, уақыт тұрғысынан бір
мезетте тіршілік етсе, олардың толыққанды əрі тұтастай бар болуы солармен бір уақытта ақылдың
қабылдауын үнемі тежейді. Оның дифферанс дегені – белгілі бір құбылыстың ақиқатына қатысты
(түсініктің санада толық жəне тұтас түрде орнығуы) толыққанды жəне ақырғы анықтама жасауға
мүмкіндік бермейтін кеңістік пен уақыттағы қозғалыс.
Жалған түсінік 
(misrecognition meconnaissance) – марксизмдегі адамдардың өздері тұрып жатқан
шынайы материалдық жағдайды неліктен көрмейтінін сипаттайтын термин. Жұмысшы табының
өмірін қолында байлығы мен капиталы бар адамдар тарапынан еңбекті қанаудың формасы ретінде
көрудің орнына, осындай əлеуметтік жəне экономикалық ахуалдағы адамдар өмірлерін «еркіндік»
деген сипаттамамен қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет