Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет344/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   369
Жаһандану 
(globalization). 1980 жылдары консерваторлар байлықтарын ұлғайту үшін əлемдік
сауданы шектеуді тоқтатуды қолдады. Жұмысшы жəне отандық өнеркəсіп салаларын қорғайтын
сауда ережелерінің алып тасталуы нəтижесінде трансұлттық сауданың жаңа дəуірі басталды. Қазіргі
кезде тауарларды Мексика, Қытай жəне Вьетнам сияқты жерлерде өте аз қаражатқа, жалақысы төмен
жұмысшылардың күшімен өндіруге болады, өйткені күнкөріс деңгейіндегі айырмашылық АҚШ
сияқты өнеркəсібі əлдеқайда дамыған елдермен салыстырғанда, еңбек құнының осы елдерде өте


төмен екенін көрсетеді. АҚШ-тағы жағдайы бар адамдардың жұмыс орындарын шетелге
ауыстыруға, жұмыс күшіне əлдеқайда аз төлеуге, сатылған заттардан соған сəйкес табыс тауып,
əлдеқайда көп пайдаға кенелуге мүмкіндігі туды. Жаһандану АҚШ сияқты елдердегі жұмысшылар
санының, табыстың айтарлықтай азайып, күнкөріс деңгейінің төмендеуіне себеп болды, сондай-ақ
байлықты капитал ұстаушылардың аздаған бөлігінің қолына шоғырландырды. Нəтижесінде теңсіздік
айтарлықтай өсті. Дəл сол кезде Қытай сияқты елдер «алғаш рет жəне дəл осы себептермен жаңа
халықаралық сауда жүйесінен көп нəрсені ұтқан жаңа тап, алпауыт инвестор-өнеркəсіп иелерінің
пайда болғанын» көрді. Қытай сияқты елдерде жұмысшылардың күнкөріс деңгейі жақсарды, бірақ
бұл АҚШ сияқты елдердегі жұмысшылардың есебінен болды. Бұрын америкалық жұмысшыларға
төленіп келген жалақы енді қытай жұмысшыларына төленетін болды. Байлықтың шығысқа қарай
көшуі, сонымен қатар байлықтың қоғамның жоғарғы бөлігіне қарай ауқымды түрде ауысуына да
себеп болды.
Жеріну 
(abjection) – эгоның (тұлғалық «Меннің») тұтастық көрінісіне қарама-қайшы жағдайда
болатын дене тіршілігіне қатысты материалдық құрсауды сана-сезімнен аластау əрекеті. «Жеріну»
термині, сондай-ақ тұлғалық менді (эго) қалыптастыру қажеттілігі туған кезде байланысты үзуді
талап ететін ана тəнінен жерінуге қатысты да қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет