Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет352/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   369
Мәтін, мәтіндік 
(text, textuality). Жак Деррида адам əдебиеттегі мəтіннің мағынасына ұласып,
айтылған дүниенің соңына жеткенде, əдеби мəтіннің сөздік құрылымынан шығармадағы идеяға
немесе шығарманың мəніне немесе референтке (мысалы, автордың өміріне) өтер болса, фактілер
текстураның бір түрінен екіншісіне, референттің бірінен екіншісіне өтеді дегенді алға тартты. Біз
мағыналық процестер мен құрылымдар əдеби шығарма шеңберінде ғана аяқталады деп ойлаймыз, ал
оның сыртында тұрған дүниелерді «шынайы», «мəнді», «материалды», «тарихи», «əлеуметтік»,
«семантикалық», «концептуалды» жəне «биографиялық» т.б. деп ойлаймыз. Бірақ сыртқы əлемдегі
бұл заттардың барлығының əдеби мəтіндегі текстурадан ешқандай айырмасы жоқ өзіндік текстурасы
бар. Олардың барлығы мəтіндегідей бір-бірімен байланысты жəне əрқайсысы өз кезегінде сыртқы
көрінісі үшін маңызы зор тағы бір бөлшекпен байланысып тұрады. Əлем əдеби мəтіннен өзгеше
емес. Оның текстологиясы бар. Біз дифферанциалды қатынастан өте алшақ кейіпте санамызда ғана
өмір сүретін «шынайы» ақиқат бар деп ойлаймыз. Бірақ бұл – жаңсақ түсінік.
Медиация 
(mediation) – диалектикаға сəйкес кез келген ақиқатты тану үшін оны басқа бір
ақиқатпен салыстыру. Адам санасы ақиқатты тек шектелген түрінде қабылдайды (немесе өздігінен
қабылдайды). Диалектикалық талдауға сəйкес, ақиқат басқа бір ақиқатпен салыстырғанда немесе
басқа бір ақиқатты терістеген кезде ғана бір қасиетінен екінші бір қасиетке ие болады (медиацияға
түседі). Мəселен, сот отырысының бөлмесі бір қарағанда қарапайым бөлме болып көрінуі мүмкін,
бірақ, шындығында, ол бөлмеде заң құжаттары бар, өзіндік қалыптасқан принциптері мен
тұжырымдары бар, сол заңдар мен тұжырымдарды жүзеге асыратын өзіндік тұтастай қоғамы бар,
яғни бөлме солар арқылы бір қасиеттен екінші бір қасиетке ие болып отыр. Гегельдің ойынша, біз
кез келген ақиқатты тек жалпы əрі тұтастай сипатта түсінуге қабілеттіміз: ол ақиқатты тек бір
қасиетінен екінші бір қасиетіне өткенде ғана толық түсіне аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет