Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет354/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   369
Негативті диалектика 
(negative dialectics). T.Адорно философия əлемнің ақиқатын жүйелі түрде
анықтап беретін əмбебап тұжырымдаманы табуға болады деген бағытты ұстанып кетті деп
есептейді. Осылайша заттар əлемінде өзіне тəн қалыпта тұжырымдық мəнге байланбай-ақ,
дөңгеленіп тұрған тіршіліктің шартты, материалды, дифференциацияланған қыры құрбандыққа
шалынды. Олардың тіршілігі даралық ретінде тұжырымға сыймайды, түсіндірілмейді. Aдорно
философия заттардың шартты, негізсіз əрі күрделі материалдық шындығын қандай да бір
тұжырымдамалық түйінге, ортақ заңдылыққа, жалпылама сипатқа немесе даралыққа тіремей
қарастыруға ден қоюы тиіс деп санады.
Неолиберализм 
(neoliberalism) – еркін сауданың немесе «еркіндіктің» (
liberty
) экономикалық
доктринасы, тұңғыш рет ХІХ ғасырда басымдыққа ие болған (сондықтан 
«nео»
делінеді) бұл
доктрина меркантилизмге немесе мемлекет яки үкімет билігі арқылы монополияларды пайдалана


отырып, экономиканың бөлшектерін басқаруға қарсы қойылды. Абсолютті еркін экономикалық
нарық доктринасы 1970 жылдары қайта жанданды жəне ол капитализмді мемлекет тарапынан
реттеуді қысқартуға, отандық салаларды ғана қорғайтын тарифтер қабылдауға жол бермейтін
халықаралық сауда келісімдерін жасауға, жұмысшылар мүддесін қорғайтын кəсіподақ қызметін
шектейтін іс-шараларды азайтуға мұрындық болды.
Новум 
(novum). Эрнст Блохтың бұл термині қазіргі қоғаммен салыстырғанда мүлдем жаңа
дүниені сипаттайды. Əдетте, ғылыми фантастика саласындағы ғалымдардың шығармашылығындағы
утопияны бейнелеу үшін қолданылады.
Нысаналы қарым-қатынас
(object relations) – инстинкттер мен əрекеттердің рөлін төмендете
отырып, мұның орнына тұлғаның қоршаған ортамен əсіресе анасы секілді алғашқы
қамқоршылармен қарым-қатынасына ден қоятын психологиялық мектеп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет