Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет355/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   369
Оқиға 
(event)
 
құрылымнан бөлек. Оқиға тек бір рет жалт етіп көрінеді де, жоғалып кетеді. Оның
болуы – тосын жəне қайталанбас төлтума. Ол тұрақты емес. Керісінше, құрылым өзінше жалғаса
береді, қайталанады жəне тұрақты дамиды. Бұл түсінік постструктурализмнің бар болуы –
табиғатынан тұрақсыз жəне субъекті мен белгілі бір объектіні тану жөніндегі дəстүрлі
философиялық түсінікке жанаспайды деген тұжырымның бір бөлігі. Олардың пікірінше,
шындықтың өзі бірден танылатын бар болу құбылысы ретінде пайымдалуы мүмкін.
Оқшауланған егемендік
(sovereign exception) – Джорджо Агамбеннің ерекше жағдайлардағы –
лагерьлер, түрмелер тəрізді оқшауланған аймақтардағы – қоғамнан аласталған босқындар,
баспанасыздар, жазаға кесілгендер сияқты, егеменді аймақ өміріне қатысудан бас тартқандар үшін
құқықпен байланысты заңды əрекеттер аясын қарастыратын, егеменді үкіметтер құрылымын
сипаттау үшін қолданған термині. Мұндай аймақтағылардың ешқандай мəртебесі де, жалпы қоғам
өміріне қатысы да жоқ. Олар мінез-құлық ережелеріне негізделетін əлеуметтік тəртіп енгізілгенге
дейінгі тіршіліктің табиғи жағдайында өмір сүреді, былайша айтқанда, «лыпасыз өмірге»
 
(
bare life
)
түскен.
Оқырман зердесі 
(reader response) – əдебиеттегі оқырманның мəтінді қалай қабылдайтынына ден
қоятын жəне оқырманға немесе болжанған оқырмандарға ұсынылатын мəтіндердің аспектілері
туралы теория. Стэнли Фиштің айтуынша, Милтонның 
«Жоғалған жұмақ»
деген ұзақ поэмасы
оқырманды кейіпкерлерімен жəне оқиға желісінің тартымдылығымен баурап алған. Поэма ғибраты
тек идея ретінде ғана емес, оқырмандарды оқуға, ойлануға жəне өздерін белгілі бір бейнеде сезінуге
мəжбүрлеген мəтінмен индукция əрекеті ретінде де берілген. Фиш барлық əдеби шығармалар
мəтіндегі оқырмандарға арналған толғамдарға адекватты жауап беруге қабілеті жеткілікті
оқырмандардың сауатты қауымдастығын меңзейді деген ұстанымнан танбаған. Уольфганг Яусс
əдеби мəтіндердің оқырмандар қойған сұрақтарға жауап беретін жəне олқылықтарды толықтыруға
қатысты сұрақтар қоятын «бос орындары» болады деген. Оқу – динамикалық, интерактивті процесс.
Роман Ингартен «оқырман оны оқу зердесіне, қиялына салып «нақтыламайынша», шығарма толық
игерілген болмайды» деп пайымдаған. Джейн Томпкинс сияқты басқа сыншылар оқырмандарға
əлеуметтік жəне тарихи тұрғыдан қарастыруға талпыныс жасап, белгілі бір тарихи сəттердегі əдеби
мəтіндердің пайда болуына байланысты оқырман зердесінің қалыптасуын зерттеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет