Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет357/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   369
Өзгешелік 
(alterity).
 
Сөзбе-сөз аударғанда «өзгешелік» дегенге келеді. Бір нəрсе жеке мағынаға ие
болу үшін басқа нəрсемен байланыста болу керек деген идея. Олардың ұқсастығы салыстырмалы
болады.
Өзек, өзексіздендіру 
(center, decentered).
 
Жак Деррида сияқты өзексізденген постструктуралист
ойшылдар философияның құндылықтар жүйесінде өзек немесе діңгек іспеттес қызмет атқаратын
елеусіз нормалардың бар екенін байқаған. Оның еңбектері мұндай құндылықтар жүйесін ыдыратты,
сондықтан нормаларды «өзексіздендірді». Ол көбінесе философиялық мəтіндердің ұшығынан
елеусіз сияқты көрінген метафора сияқты элементтер тауып отырды, бірақ ол нұсқаған элементтер,
шын мəнінде, айрықша маңызға ие болды.
Өндірістік тәсіл 
(mode of production).
 
Марксистер үшін əр қоғам – өндірістік тəсіл. Ол алғашқы
тұтыну заттарын өндіруді ұйымдастырудың белгілі бір амалдарынан тұрады. Өндірістің көне
тəсілдері құл еңбегіне, ортағасырлық экономика сенім мен жауапкершілікке негізделіп құрылды. Ал
капитализм байлықты əділетсіз бөлетін жалдамалы еңбекке арқа сүйейді, сондықтан да өндіріс
тəсілінің экономикалық таптық жүйесі өзін ұлғайтып, тұрақты боп қала беретін секілді көрінеді.
Əрбір өндірістік тəсіл рөлдер мен сыйақыны əділетсіз бөлуге негізделген жəне олардың əрқайсысы
осы əлеуметтік өндірістік қатынастармен анықталатын өз алдына таптық сипатқа ие.
Паноптикон 
(panopticon).
 
М.Фуко азаматтар мінез-құлық нормаларын үйренетін жəне капитализм
талаптарын қалтқысыз сақтау үшін полицияның араласуын қажет етпейтін қазіргі қоғамды сипаттау
үшін түрменің осындай идеал моделін қолданған. Үлгілі паноптикалық түрмеде күзетшілердің бірі
Джереми Бентама камералардың көмегімен, барлық тұтқынды кезек-кезек бақылай алады.
Тұтқындар өздерін қай мезетте бақылайтынын білмегендіктен, өздерін бақылап тұрғандай жақсы
ұстауға тырысты. Капиталистік қоғамда да біз дəл солай айналамыздағы қоғамның нормасына
сəйкес келетін ережелерді үйренеміз, өзімізді бақылаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет