Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет356/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   369
Онтотеология
(onto-theology)
 
– Жак Дерриданың діни сана-сезімдегі ақиқатты заттарда немесе
идеяларда болады деп айқындайтын философиялық түсінікке атау беру үшін ойлап тапқан сөзі.
Мұндай сенімнің ерекшелігі мынау – барша «бар болуды» тудырып, оны деонтологияландыратын
немесе өзінен бұрынғы ешқандай қолдау мен анықтамаға ие емес өзіндік заттың тұрақты сипат
табуына кедергі келтіретін кеңістік пен уақыт қозғалысын қабылдамайды.
Онтология 
(ontology) – болмыс философиясы. Бұл көбінесе трансформация, пайда болу, өзгеріс
т.с.с. құбылыстарды қабылдаудан гөрі оларға құрылым, тəртіп орнатуға тырысатын консерваторлық
ұмтылыспен байланысты философия. Əлеуметтік құрылым нысандарының табиғатына гендерлік
даралықты телитініміз тұрғысынан келгенде, «Онтологияландыру» сыни пікірталас тұрғысынан
қарағанда, жағымсыз мағынаға ие.


Ориентализм 
(orientalism) – Эдуард Саидтың Англия тəрізді отарлаушы елдердегі Үндістан
сияқты отарланған елдерге қатысты зерттеулер жиынтығына байланысты қолданған термині. Бұл,
сонымен қоса, жат біреуді стереотиптер қалыбына салып түсінуге бейім ғылыми қатынасқа кіріккен
ұстанымдарға да қатысты қолданылады.
Отаршылдық (отарлық), постотаршылдық (постотарлық) 
(colonialism, post-colonialism).
Еуропа елдерінің өзге елдер мен халықтарды жаулап алып, олардан қант құрағы, какао, отын жəне
жануарлар терісі сияқты табиғи ресурстарды алу мақсатында отарларына айналдыруы XV ғасырдан
басталады. XX ғасырдың аяғына қарай көптеген бұрынғы отар ұлттар мен елдер тəуелсіздікке қол
жеткізді. Отарлықтан постотарлыққа дейінгі мəдени өзгерістерді зерделеу «постотарлық зерттеулер»
деп аталады.
Өзгешелеу 
(остранение; ағыл. – demiliarization, estrangement)
 
– орыстың формалист сыншысы
Виктор Шкловскийдің поэзияның қабылдау мен ойдың қарапайым қалыпты үлгісін қалай бұзатынын
сипаттайтын термині. Поэзия біздің ырғағымызды немесе əлемді əдеттегі қабылдау үлгімізді
күшейтеді де, таныс заттарды бейтанысқа айналдырады. Шкловский Толстойдың оқиғаны аттың
көзімен, ойымен баяндау стратегиясын мысалға келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет