Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет359/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   369
Семиология, семиотика 
(semiology, semiotics) – таңбалар жəне олардың қалай жұмыс істейтінін
зерттеу.
Символдық тәртіп 
(symbolic order).
 
Жак Лакан ақылымыз жете бермейтін сананың елес
кеңістігіндегі нарцистік, эгоның тұтастық пен кемелдік ауқымын тежеп отыратын сезімдік
қабылдауларға сергектік танытып, төзім беретін инстинкттер мен қозғаушы күштерден
(невротикалық симптомдар секілді мінез-құлық белгілері арқылы білінетін бұл қозғаушы күштер
мен инстинкттер өмір салтымызды қалыптастырады) тұратын нақты физиологиялық табиғатымыз
бен ішкі əлеміміз сыртқы көрінісін табатын дүниені айтады жəне бірегейлігіміз бен өмір
салтымыздағы сырттан таңылатын шарттар, қағидалар, рөлдер мен үміттер арқылы қалыптасатын
символдық патшалық арасын ажыратып көрсетті. Көрсетілген тəртіп бойынша, біздің мінез-
құлқымыз жоспармен əрі тыйымдармен, инцестке қарсы қағидалар мен сырттан таңылған гендерлік
даралық шарты секілді рұқсат жəне табулармен шектелген. «Символдық тəртіп» термині көптеген
жылдар бойы сыни еңбектерде «қоғам жеке тұлғаларға қалай əсер етеді?» деген мəселеге қатысты
марксистік əрі гендерлік теорияның моделі ретінде айналыста жүрді. Бертін келе, əлемдегі ақ нəсілді
жəне гетеросексуалдық қалыптарға айтарлықтай сай құрылған прокапиталистік тұрғындардың
арасында тұлғаның өз орнын анықтауын экспрессивті жолмен жеңілдететін һəм репрессивті
(тұншықтыру) түрде қиындататын сыртқы əлем элементтерін сипаттауға дейін ұласты.
Симулякр
(simulacrum) – көшірме деген мағынаны білдіретін грек сөзі. Жан Бодриар қазіргі
мəдениет шынайылықты образбен алмастырған, сондықтан соғыстың қасіреті мен сұмдығы
адамдардың жанын ауыртып, үрей туғызбайды дегенді алға тартты. Керісінше, бейнелердің
шынайыланып кеткені сонша – біз соғысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы бейне арқылы жете


танимыз жəне сол арқылы «əсірешынайы» əлем түсінігін дамытамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет