Әдебиет теориясы: антология, ІІІ



Pdf көрінісі
Дата30.11.2022
өлшемі0,81 Mb.
#53922
Байланысты:
debiet-teoriyasy-antologiya- 10 lecture



10-дәріс
Карл Маркс: 1844 жылғы 
философиялық және экономикалық 
қолжазбалар
ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ:
АНТОЛОГИЯ, ІІІ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ


Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы: Антология ІІІ
10. Карл Маркс: 1844 жылғы философиялық/экономикалық қолжазбалар
2
Мақсаты: Карл Маркс ұсынған басыбайлық ұғымымен және оның аспектілерімен танысу.
Тірек сөздер: жекеменшік, еңбек, өнім, өндіріс, басыбайлық, капитализм, саяси экономия.
Бұл дәрісте біз Джулия Ривкин мен Майкл Райанның антологиясындағы «Карл Маркстің 
1844 жылғы философиялық және экономикалық қолжазбалары» атты еңбектегі аластаушылық 
немесе еңбектегі басыбайлылықтан қашу мәселесіне арналған тарау туралы сөз еткелі 
отырмыз.
Антология құрастырушылары әдеби мәтін теориясына арналған жинаққа экономикалық 
тұжырымдардың қаншалықты қатысы бар деген мәселеге тоқталып жатпаған. Жалпы бұл 
жинақтың құрылым стратегиясына қатысты ойларымызды, әрі әдебиет теориясынан тыс 
тақырыптардың орын алуы туралы әрі оның бірқатар себептерін біз кіріспе тарауда сөз еттік.
Кім біледі, жинақ авторлары бәлкім Проспер Мерименің «Байлықтан да маңызды дүние-
лер бар, бірақ қаржысыз оларға қол жеткізе алмайсыз» деген ойынан алшақ кетпейін деген 
болар. Қалай болғанда да суреткерлердің шығармашылық еңбегі де белгілі бір деңгейде ірі 
капитал. Бірақ оны экономикалық капитал табиғатын түсіндіретін ұғымдармен қарастыру 
қаншалықты дұрыс. Біздің міндет антологиядағы тақырыптардың сипаттамасын барынша 
объективті тұрғыда сіздерге жеткізу. Саралау, сараптау, дамыту белгілі бір деңгейде сіздердің 
еншілеріңізде.
Сонымен кітап авторлары Карл Маркстың аталған еңбегін былайша тәпсірлейді.
Жекеменшік – Маркс ендірген ұғым. Алайда ол қате түсіндіріліп келді. Жекеменшік деп, 
Карл Маркс автомобиль, үй, банк шоттары мен бизнес секілді құндылықтарды қарамайды. Бұл 
жерде ол жекеменшік деп – капиталды иемденушілердің жекеменшігіне өздерінің байлығы 
ретінде иемденіп алған адам еңбегінің өнімін атайды. Осы тұрғыда Марк Твеннің жақсы бір 
астарлы сөзі еске түседі. Ұлы суреткер «Уақыт байлығының жүгін арқалай білетіндер жандар 
тым аз-ақ. Әсіресе, ол өзгенікі болса» дейді.
Маркс адам өмірі – белсенді жасампаздық пен өндіріс үдерісі деп таниды. Адамдар ең әуелі 
қоғамдық ортаға ықпал етіп, оны өздерінің қажеттіліктеріне сәйкес трансформациялайды. 
Адам өмірі – белсенді шығармашылық жұмыс. Алғашқы дәуірлерде адамдар өмір сүруі үшін 
тек азық-түлік табуды ғана мақсат тұтқан-ды. Алайда уақыт өте келе адами қажеттіліктер 
аясы кеңейе түсті. Содан кейін адамдарға тұратын үйлерді, былайша айтқанда, үкімет секілді 
мекемелерді және өндірістік тауарларды, мәселен, керамика мен жабындық тақталарын 
(азық-түлікті сақтау мен құрылысқа қажет болған) өндіру қажет болды. Одан ары уақыт өте 
келе өндірілетін тауарлар тізімі ұлғая түсті. Әдетте, бұл тауарлар оларды өндірушілерге тиесілі 
болды. Кішкентай дүкендер өз өнімдерін өндірді. Адам саны ұлғайып, өркениет дамыған сайын 
өндіретін тауарларға деген сұраныс та арта түсті. Адам қолымен жасалған дүниелер, мәселен, бу 
энергиясы оларды көпшілік өндіріске қолдануға мүмкін болды. Фермалардан шыққан адамдар 
өздерінің еңбектерін капитал иелеріне сатып, жаңа фабрикаларда жаңа өнімдер өндіру үшін 
жалдана бастады. Адамның шығармашылық әрекеті енді басқа біреудің қызметіне берілді (ол 
енді «бөтен» немесе «шеттелген» болды). Адам еңбегінің өнімі жұмысшыға емес, фабриканың 
иесіне тиесілі болды. Адам еңбегінің өнімі «приватизацияланды».
Міне, осы айтылғандар – Маркстің жекеменшік деген ұғымға берілген анықтамасы. Адамның 
шығармашылық еңбегінің өнімі оны жасаған тұлғаға тиесілі емес. Капитализм ережелеріне сай 
фабрика иесі өзіне жалақы үшін жұмыс жасайтындардың еңбегіне ие болады.
Өзінің ерте кездегі қолжазбаларында Маркс осы теорияны дамыта түседі. Себебі 1932 жылға 
дейін, тіпті 1917 жылғы орыс революциясынан кейін де қолжетімді болмады. Бұл кезде Ресей 
марксистік қоғамға айналып, «жекеменшікті» жойып, адамдардан үйлер мен кәсіпорындарды 
күштеп алып қоя бастады.
Полиэкономиканы сынау
К. Маркс саяси экономиканың алғышарттарына сүйеніп, жұмысшының тауарға айна-
латынын; жұмысшылардың кедейлігі өндірістің шамасына қарай кері пропорция құрайтынын; 
бәсекелестіктің нәтижесі – капитал бірнеше қолда жинақталып, монополия құрайтынын; 


3
3
Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы: Антология ІІІ
10. Карл Маркс: 1844 жылғы философиялық/экономикалық қолжазбалар
капиталистер мен жериеленушілердің арасында айырма жойылатынын және қоғам екі топқа – 
жекеменшік иелері мен кедей жұмысшыларға айналатынын айтады.
Саяси экономия – жекеменшік фактісінен туындағанмен, бұл құбылыстың мәнін ашық бере 
алмайды. Саяси экономия еңбек пен капиталды, капитал мен жерді айыру көзін ашып бере 
алмайды. Экономия жалақының пайдаға қатысын анықтап, капиталистердің мүддесін негізгі 
себеп ретінде қабылдайды: яғни болуы керек дүние секілді қабылдайды. Бәсекелестік сыртқы 
фактілермен түсіндіріледі. К. Маркстің айтуынша, саяси экономия үшін алмасу дегеніміздің 
өзі – кездейсоқ фактор. Саяси экономияны қозғалысқа түсіретін негізгі күш – сараңдық және 
сараңдар арасындағы соғыс – бәсекелестік.
Демек, ең алдымен, біз жекеменшік, дүниеқорлық; еңбекті бөлу, капитал және жер меншігі, 
алмасу мен бәсекелестік, адамның құны мен құнсыздануы, монополия мен бәсекелестік, 
басыбайлық пен қаржы жүйесі т.б. арасындағы негізгі байланыстарды түсінуіміз керек.
Еңбекті заттандыру
Жұмысшы байлықты көп өндірген сайын кедейлене береді, оның өндіріп отырған өнімі 
де көбейеді. Жұмысшы көп тауарды өндірген сайын, өзі де арзан тауарға айналады. Заттар 
әлемінің құны жоғарылаған сайын адам әлемінің пропорционалды девальвациясы жүзеге 
асады. Еңбек тауарларды ғана емес, өзін-өзі және жұмысшыны тауар ретінде өндіреді.
Бұл факт еңбектің өнімі, яғни еңбек өндіретін объект еңбекке бөтен бір, өндіріске тәуелсіз күш 
ретінде қарама-қарсы қойылады. Еңбектің өнімі – объектіде бекітілген еңбектің өзі, былайша 
айтқанда, материал. Оның пәні – еңбекті заттандыру болып табылады. Сонда еңбекті жүзеге 
асыру – оны заттандыру деген сөз. Саяси экономия жағдайында еңбектің ақиқатқа айналуы 
– еңбекшілер үшін ақиқаттан айрылу кезінде көрінеді; еңбекті заттандыру – өндірілген затты 
жоғалту немесе өнімді бағындыру.
Еңбек – күш салып және үзілістерсіз жасай отырып, алуға болатын объект. Объектіні 
иемдену дегеніміз – жұмысшы қанша өнім түрін өндірсе, оның аз мөлшеріне қол жеткізеді
яғни өз өніміне, капиталына бағынышты болып қалады.
Бұдан шығатын қорытынды – жұмысшы өзін көбірек жұмсаған сайын, оған өзі өндіретін 
заттар әлемі соншалықты бөтен секілді көрінеді. Ол өзінің өмірін затқа береді, енді оның өмірі 
өзіне емес, өзі өндірген затқа тиесілі. Өзіне тиесілі еңбегін ол еңбегінің өніміне берген. Сөйтіп, 
жұмысшының еңбегі қарқынды болған сайын, ол затсыздана түседі.
Демек, жұмысшының белсенділігі жоғары болған сайын, өз еңбегінің өнімі ретінде заттардың 
кемшіліктерін көре береді. Сондықтан өндірілген өнім көп болған сайын жұмысшының құны 
да төмендейді. Жұмысшыны мүлік меншігінен айыру – оның еңбегі өнім ғана емес, бұл өнім 
жұмысшыдан тыс өмір сүретінін білдіреді. Былайша айтқанда, жұмысшының объектіге 
жұмсаған күші немесе арнаған өмірі өзіне бөтен секілді көрінеді.
Еңбек өнімінің басыбайлығы
Жұмысшы табиғаттан тыс, қоршаған ортаны сезінбейінше ештеңе жасай алмайды. Бұл 
– жұмысшының еңбегі көрінетін материал, өзінің белсенділігінің арқасында жұмысшы одан 
белгілі бір өнім өндіре алады.
Табиғат еңбекке өмір сүретін жағдай жасайтыны секілді, еңбек те заттарсыз өмір сүре 
алмайды. Табиғат өмір сүруге қажетті құралдарды шектеулі түрде қамтамасыз етеді.
Демек, жұмысшы қоршаған ортаны не сезімтал табиғатты еңбегі арқылы қаншалықты 
меңгерсе, соншалықты ол өзінің өмір сүру құралдарынан айрылады. Біріншіден, сезімтал 
сыртқы орта оның еңбегіне тиесілі тауар болудан қалады; екіншіден, сыртқы орта жұмысшының 
физикалық өмір сүруі үшін қажетті құрал болудан қалады.
Сөйтіп, осы екі мағынадан алып қарағанда, жұмысшы өзінің нысанының құлына айналады: 
біріншіден, ол еңбектің өнімін алады, былайша айтқанда, жұмысқа жалданады; екіншіден, өмір 
сүруге мүмкіндік алады. Сондықтан жұмысшы жасайтын өнім оның өмір сүруіне мүмкіндік 


Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы: Антология ІІІ
10. Карл Маркс: 1844 жылғы философиялық/экономикалық қолжазбалар
4
береді: біріншіден, жұмысшы ретінде; екіншіден, физикалық субъект ретінде. Бұл құлдықтың 
мәні мынада – жұмысшы бола отырып, ол өзін физикалық субъект ретінде көрсетеді, ал 
физикалық субъект – жұмысшының өзі.
Саяси экономия еңбектің табиғатына тән басыбайлықты жасырады, себебі жұмысшы мен 
оның өнімі арасындағы өзара байланысты ескермейді.
Еңбектің оның өніміне тікелей қатысы дегеніміз – жұмысшының өндіріс нысандарымен 
қатысы. Мүлік иесінің өндірістік заттарға және өндірістің өзіне қатысы – бірінші қарым-
қатынастың салдары.
Еңбектің басыбайлығы
Осы кезге дейін біз жұмысшының басыбайлығын бір ғана аспект тұрғысынан, яғни 
жұмысшының еңбек өніміне қатысы жағынан қарастырып келдік. Алайда басыбайлылық 
нәтижеге қол жеткізгенде ғана емес, өндіру барысында да, өндіріс әрекетінде де көрінеді. Өнім 
– әрекеттің нәтижесі. Егер еңбек өнімі – басыбайлылық болса, өндірістің өзі де басыбайлы 
болуы керек. Біздің жағдайда іс-әрекеттің басыбайлығы. Еңбек өнімінің басыбайлығы еңбек 
әрекетінің басыбайлығына қосылады.
Еңбектің басыбайлығы дегеніміз не?
Біріншіден, еңбек жұмысшыға қатысы жағынан сыртқы болып саналатыны. Сондықтан 
еңбек етуі барысында жұмысшы өзінің тәнін өлтіріп, ақылын бүлдіріп алады. Былайша 
айтқанда, жұмысшы жұмыстан тыс уақытта ғана өзін еркін сезіне алады. Ал еңбек етіп тұрғанда, 
өзін бәрінен алыстап кеткендей сезінеді. Сол себепті оның еңбегі ерікті емес, күштелген деп 
саналады. Оның еңбегі – еңбектегі қажеттілігін қанағаттандыруы емес, басқа қажеттіліктерін 
қанағаттандыру құралы. Еңбектің басыбайлығы дегеніміз – еңбектің физикалық немесе басқа 
да күштеу тудырмауы. Өзін басыбайлы етіп сезінетін сыртқы еңбек дегеніміз – өзін құрбан етуін 
талап ететін еңбек. Еңбектің сыртқы сипаты жұмысшыға емес, басқа біреуге тиесілі. Ал басқаға 
тиесілі болу – өзін-өзі жоғалту деген сөз.
Сонда, еңбек ету кезінде адам (жұмысшы) өзін белсенді деп сезінбейді. Тек мақұлық секілді 
әрекеттерді еріксіз атқарып отыру керектігін іштей сезінеді: тамақ жеу, су ішу, дүниеге бала 
әкелу, тұрмысын құру, киім кию т.б. Өзінің адами қызметінде жұмысшы өзін мақұлық немесе 
аң секілді сезіне бастайды.
Әрине, ішу, жеу, көбею т.б. әрекеттер – адами қызметтер. Алайда бұл қызметтерді 
басқа қызмет түрлерінен ажырататын абстракциялар адамды (жұмысшыны) мақұлыққа 
айналдырады.
Еңбектің басыбайлығын екі аспектіде қарастырдық: жұмысшының еңбектің нәтижесіне 
қатысы және еңбектің өндіру актісіне қатысы.
Табиғаттан басыбайлы болу
Еңбектің басыбайлығының үшінші аспектісі де болады. Оны жоғарыда сөз етілген екі 
аспектіден шығарамыз.
Адам – тұрмыстың түрлерінің бірі, себебі ол өзін тірі, шынайы жаратылыс деп қабылдайды. 
Өйткені адам – әрі әмбебап, әрі ерікті жаратылыс. Өмірдің түрлері: әрі адам ретінде, әрі 
мақұлық ретінде мынадай құндылықтан құрылады: адам баласы шектеусіз табиғи кеңістікте 
өмір сүреді, мақұлықтармен салыстырғанда адам әмбебап болған сайын шектеусіз табиғаттың 
әмбебаптылығы да кеңейе түседі. Өсімдіктер, аңдар, тастар, ауа, жарық т.б., бәрі – адам 
санасының, оның рухани шектеусіз табиғатының, рухани азығының ажырамас бөлігі. Оларды 
жарамды ету үшін адам баласы алдымен тәжірибеде қолдануы керек. Физикалық тұрғыдан 
алғанда, адам баласы табиғаттың осы аталған өнімдерінің арқасында өмір сүреді, яғни тірі. 


5
5
Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы: Антология ІІІ
10. Карл Маркс: 1844 жылғы философиялық/экономикалық қолжазбалар
Адамның әмбебаптығы оның табиғатын неорганикалық денеге айналдыратын әмбебапты-
ғынан көрінеді. Бұл дегеніміз – табиғат адамның тіршілік көзі, оның өмір сүруінің материясы, 
нысаны мен құралы. Табиғат – адамның неорганикалық денесі. Адам табиғатпен өмір сүреді, 
демек табиғат – адамның денесі. Адам осы денесімен үздіксіз қарым-қатынаста болуы керек, 
сонда ғана өлмей, тірі жүрмек. Адамның физикалық және рухани өмірі табиғатпен тығыз 
байланысты. Ал табиғат өзді-өзімен байланысты, адам – оның ажырамас бөлігі.
Адамның өмір сүруінің басты шарты – еңбек етуі, еңбекке жарамдылығы. Өндірістік өмір – 
өмірдің бір түрі. Бұл – өмірден өмірді тудыратын өмір.
Мақұлық та өміршең болып келеді. Мақұлық өзінің өміршеңдігінен бөлек қарала алмайды. 
Алам баласы өзінің өміршеңдігінің нысаны ретінде еркі мен санасын таңдайды. Өміршеңдік 
– саналы құндылық. Саналы өмір – адамды басқа мақұлық түрлерінен ажыратып тұратын 
қасиет. Өміршеңдік – оның биологиялық сипаты. Соның арқасында ғана оның іс-әрекеті ерікті 
болып табылады. Басыбайлы еңбек осы қарым-қатынасты жойып, өзгертіп жібереді. Себебі 
адам өзінің өмірін өзгерте алады.
Мақұлықтың бір түрі – жануарлар да әрекет ете алады. Олар да үй салады т.б. Алайда 
жануарлар өзіне керекті болғанды ғана жасайды. Олардың әрекет етуі – біржақты, ал адам 
баласы әмбебап әрекет етеді. Жануар физикалық қажеттілігі болғанда ғана әрекет етеді. Адам 
баласы физикалық қажеттілігі болмаса да, әрекет ете береді. Жануарлар – өзі үшін ғана әрекет 
етеді, адам – бүкіл табиғат үшін әрекет етеді. Жануарлардың өнімі – физикалық денесіне 
қатысты болса, адам өзінің өніміне қарсы тұра алады. Жануарлар стандарттар мен белгіленген 
түріне қарай ғана заттарды жасай алады. Ал адам кез келген стандартқа сәйкес өндіре алады. 
Адам баласы сұлулық заңына қарай, өндірген заттарын өзгерте алады.
Еңбектің нәтижесі – адам өмірін заттандыру: ол өзін әрі интеллектуалды, әрі ақиқат 
шындықта көрсете алады. Демек, басыбайлы еңбек адамның өндірген өнімін одан алып қоя 
алады.
Адамның түрлік табиғаты – бір адамның екінші адамнан өзгеше екенін білдіреді. Адамның 
басыбайлығы оның басқа адамдармен қарым-қатынасынан көрінеді. Демек, қарым-қаты-
настар аясында әрбір адам баласы екіншісін жағдаятқа қарай қабылдайды.
Шынайы өмірде адам баласының бір нәрсеге қалтқысыз берілуі – оның басқа адамдармен 
қарым-қатынасынан көрінеді.
Адам өзінің өндірістік іс-әрекетін ақиқаттан қашу, жазалауға айналдырғанда, ол өзінің өнімін 
– өзіне тиесілі емес өнім секілді өндіреді. Сөйтіп, адам баласы өзінің өніміне билік құрады және 
оның өнімінің иесін өзі тудырады.
Еңбек және еңбекақы
Осы кезге дейін бұл қатынастар жұмысшы тарапынан ғана қаралып келген, енді біз оларды 
жұмыс жасамайтындар тарапынан қарастырып көрейік.
Еңбектің басыбайлығы арқылы жұмысшы басқа адамның еңбегіне деген қарым-қатынасын 
қалыптастырады. Жұмысшының еңбекке деген қатынасы осы еңбекке капиталистің 
қатынасын тудырады. Сонда, жекеменшік – еңбектің басыбайлығының нәтижесі.
Демек, жекеменшік – басыбайлы еңбектің, яғни басыбайлы адамның, басыбайлы еңбектің, 
басыбайлы өмірдің, басыбайлы адамның нәтижесі.
Жекеменшіктің қозғалысына талдау жасау – басыбайлы еңбек ұғымын анықтауға септігін 
тигізеді. Жекеменшік – басыбайлы еңбектің өнімі, басқа жағынан алғанда, басыбайлықты 
жүзеге асырудың құралы немесе шарты.
Бұл экспозиция шешімі табылмаған коллизияны ашады. Олар: Саяси экономия еңбекті 
өндірістің шынайы жаны ретінде қарайды. Алайда еңбекке оның пайдасы жоқ, жекеменшікке 
тигізетін пайдасы көп. Бұл керағарлықты Прудон еңбектің пайдасына шешіп көрсетіп, жеке-
меншікке қарсы қойды. Алайда көріп отырғанымыздай мұндай айқын керағарлық – еңбектің 
басыбайлығы болып табылады, ал саяси экономика – басыбайлы еңбектің заңдарын 
қалыптастырып қана қойған.


Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы: Антология ІІІ
10. Карл Маркс: 1844 жылғы философиялық/экономикалық қолжазбалар
6
Еңбекақы және жекеменшік – бір-біріне ұқсас дүниелер: өнім бар жерде, еңбектің өніміне 
еңбекақы төленеді. Сонда еңбекақы – еңбекті басыбайлы етудің қажетті құралы болып 
шығады. Еңбекке ақы төлеуде жұмысшы күш еңбектің құлына айналады.
Еңбекақыны жоғарылату дегеніміз – құлдың еңбегіне төленетін ең жақсы құндылық.
Еңбекақының теңдігі жағдайында жұмысшының өз еңбегіне қатысы барлық адамдардың 
еңбекке қатысына айналар еді?! Сонда қоғам – абстрактылы капитализм болып шығады.
Еңбекақы – басыбайлы еңбектің салдары, ал басыбайлы еңбек – жекеменшіктің басты 
себебі. Сондықтан бір аспектінің төмендеуі – екіншісінің де төмендегенін білдіреді.
Басыбайлы еңбектің жекеменшікке қатысы жағынан алғанда, қоғамның жекеменшіктен, 
құлдықтан ерікті болуы жұмысшылардың еріктігінің саяси формасына айналады. Жұмыс-
шылардың еріктігі дегеніміз – жалпыадами еріктілік. Соған байланысты адамды құл ету – 
жұмысшының өндіріске қатысына байланысты.
Жекеменшік тұжырымдамасын басыбайлылық тұжырымдамасынан қалай тапқанымыз 
сияқты, саяси экономиканың әрбір категориясы осы екі фактордың көмегімен дамиды. Әрбір 
категорияда, ол сауда болсын, бәсекелестік болсын, капитал немесе ақша болсын, тек айқын 
әрі анық негіздемелерді көре аламыз.
Алайда бұл мәселені қарастырмас бұрын, Маркс бұдан басқа екі мәселені шешуді ұсынады: 
басыбайлы еңбектің нәтижесінде туындаған жекеменшіктің адами, әлеуметтік жекеменшікке 
қатысының жалпы сипатын анықтау.
Адамдар басыбайлыққа, еңбектің басыбайлығына қалай жетеді? Бұл басыбайлық адами 
дамудың мәніне қаншалықты негізделген? Біз осы мәселені шешудің ұзақ жолынан өттік. 
Мәселе жекеменшік туралы болғанда, адам өзіне сырттай қатысты дүниелер туралы ойлайды. 
Еңбек туралы сөз еткенде, оны адамның өзімен тікелей байланыстырады. Мәселенің бұндай 
жаңа сипатында шешім бар.
Басыбайлы еңбек екі элементке айналды, олар бір-бірін толықтырып, өзара байланысып 
тұрады. Меншігін иелену – басыбайлық, ал заттардың басыбайлығы – шынайы босату деген 
ұғымды білдіреді.
Біз Маркс тұжырымдамасындағы еңбектің басыбайлығының бір ғана аспектісін қарас-
тырдық. Ендігі кезекте өнім немесе соңғы нәтиже ретінде өнімнің қатысын қарастырып 
көрелік. Жұмыс жасамайтын адамның жұмысшыға және еңбекке қатысын біз басыбайлы 
еңбекпен байланысты қажетті нәтиженің өнімі деп қараймыз. Жекеменшік – материалды, 
еңбектің басыбайлығының жалпылама бейнесі ретінде екі қарым-қатынасты қамтиды. Олар:
• Жұмысшының еңбекке, өзінің еңбегінің өніміне және жұмыс жасамайтын адамға қарым-
қатынасы;
• Жұмыс жасамайтын адамның жұмысшыға және оның еңбегінің өніміне қатысы.
Еңбектің басыбайлығы, жұмысшының жұмысшыға, оның еңбегінің өніміне қатысын қа-
растырып көрелік.
Біріншіден, мұның бәрі жұмысшы үшін – басыбайлықтың әрекеті, ал жұмыс жасамайтын 
адам үшін – басыбайлықтың күйі екенін айта кету керек.
Екіншіден, жұмысшының өндіріске және өнімге қатысы жұмыс жасамайтын адамда 
теориялық қатынас ретінде көрінеді.
Үшіншіден, жұмыс жасамайтын адам жұмысшы өзіне қарсы жасайтын әрекеттің бәрін 
орындайды.
Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:
1. Карл Маркс жекеменшік деп нені түсіндіреді?
2. Карл Маркстың анықтауында еңбектің басыбайлығы дегеніміз не?
3. Карл Маркс басыбайлықтың қандай аспектілерін қарастырады?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет