ҒАБИДЕНМҰСТАФИН (1902–1985)
Туған жері: қазіргі Қарағанды облысы, Теміртау қаласына жақын жердегі Жауыртау – Нұра өзені бойындағы Сартөбе деген жер.
Қызметі: Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Ғ.Мұстафин: «...Менің шығармашылығымның өзегі, арқауы, негізі – жаңа заман, жаңа адам».
Алғаш ұстазы – әкесі. Ол діндар болған, әділдігімен, дінді таза ұстайтындығымен бүкіл елге танымал болған.
1916
Спасск зауытының табельшісінен бір жыл орысша оқыған.
1918–1925
Түрлі әкімшілік жұмыстар істеген.
1925
Білім алу үшін Қызылордаға келеді, бірақ оқуға түсе алмай, өлкелік сотқа іс қағаздарын тіркеуші қызметіне орналасады. Жазушылық өнерге құмарлығы осы кезден басталады.
1927
Алғашқы әңгімесі «Сәрсен мен Боқаш» «Жыл құсы» альманағында басылды.
1929
«Ер Шойын» деген тұңғыш жинағы жарияланды.
1930
Көктемде Қарағандыға ауысып, үш жыл қара жұмыс істейді: слесарь, токарь мамандығын меңгереді.
1932
«Қарағанды пролетариаты» газетіне жұмысқа тұрады.
1933–1938
Қарағанды қаласындағы шахтада темір жонушы (токарь), слесарь.
1933–1938
Новосивирскіде «Қызыл ту» газетінде қызмет істеген.
1938
Алматыға келіп, біржолата әдебиетпен айналысты.
1940–1948
Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналының редакторы.
1953–1957
Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы.
1958
Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі.
1961–1964
Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағы басқармасының бірінші хатшысы.
Алтыншы сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.
Ленин ордені мен (2 рет) II дәрежелі Отан соғысы, екі Еңбек Қызыл Ту (2 рет), Халықтар Достығы ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Шығармалары: «Сәрсен мен Боқаш» (алғашқы әңгімесі, «Жыл құсы» журналы, 1927 ж.).
«Ер Шойын» (алғашқы әңгімелер жинағы, 1929).
«Алыптың кереметтері» очеркі (1936).
«Керуен» әңгімесі (1938).
«Өмір не өлім» (тұңғыш романы, Қарағанды шахтерлерінің өмірі туралы, 1941).
«Қарағанды» романы (1952, 1930–1940 ж.ж. аралығында болған оқиғаларды қамтиды. Өндіріс тақырыбы.). Бұл романды жазу үшін өзі барып, шахтада жұмыс істеп, жер қазған.
Соғыс жылдарында «Құлаған құз», «Алынған кек», «Басқа пәле тілден», «Айғақ» (1942), «Тұтқын», «Күлмеген адам», «Керуен» секілді шағын туындылырды өмірге әкелді.