Қасым Аманжолов (1911–1955)
Туған жері: қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қызыл деген жер.
Қызметі: қазақтың аса ірі ақындарының бірі, көркем аударма өнерінің де үздік шебері.
Ол жөнінде алғашқы пікірді айтқан Ғабит Мүсірепов: «Қасым ақын жанының бар толғауын, кек күшін, сезім тереңін түгел бере алған. Жалынды сөзбен жауға аттандырар, жан сезімімен жас тамшылатар ақын сөзі өзегін, жүрегіан. Қасым поэмасы майданнан соққан жаңа леп сияқты», - деп жазды.
Ағасы Ахметжан оны Семейдегі бастауыш мектепке оқуға береді. Зеректігімен алғашқы жылы 2 сыныпты бір-ақ бітірген. Осы жылдары өлең жаза бастаған.
1924–1926
Семей балалар үйінде тәрбиеленеді.
1927–1930
Семейдің мал дәрігерлігі техникумында оқиды.
1930
Алматыға келеді, бірақ қалаған оқуына түсе алмай, «Лениншіл жас» газетіне орналасады.
1931
Ленинград Орман шаруашылығы институтына түседі, бірақ денсаулығына байланысты 1 жылдан кейін тастап кетеді. Сөйтіп, Оралдағы «Екпінді құрылыс» газетіне қызметке орналасады. Жас ақынның көптеген өлеңдері осы газетте жарық көреді.
1933
Әскерге алынып, міндетін Оралда өтейді.
1935–1936
Оралда жаңадан ашылған қазақ театрында жұмыс істейді. Театр труппасының көркемдік жетекшісі болады.
1941–1943
Армия қатарына шақырылады. Қиыр Шығыста болған.
1943
Батыстағы майданға ауыстырылады, содан соғыс аяқталғанға дейін «қанды қырғын, қып-қызыл өрттің ішінде» болады.
Майданнан оралғаннан кейін журнал редакцияларында істейді, ара-тұра поэзия, ақындық өнер тақырыбына сын мақалалар жариялайды, өлеңді де өндіре жазады.
1947
Осы жылдан бастап сырқатқа шалдықса да, сол жылы он шақты өлең жазады.