«Құстар қайтып барады» (әні Н.Тілендиевтікі)
«Бақыт құшағында», «Әнім сен едің» (әні Ш.Қалдаяковтікі)
«Ертіс вальсі» (музыкасы Жамақаевтікі)
«Шақырады көктем» (әні Ә.Бейсеуовтікі)
Байрон, М.Лермонтов, Т.Шевченко, Туманян, С.Канутикян, Ғ.Ғұлам, Х. Ғұлам, Р. Ғамзатов, Ұйғын, Зулфия, Д. Жалсараев т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Қабдеш Жұмаділов
(1936 жылы 24 сәуірде туған)
Туған жері: Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай аулы.
Қызметі: ақын, Қазақстанның Халық жазушысы.
|
Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шәуешек гимназиясын бітіреді.
|
1956
|
Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылды.
|
1958–1962
|
Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады.
|
1962
|
Қытай шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралып, ҚазМУ-дегі аяқталмай калған оқуын қайта жалғап, 1965 жылы бітіріп шықты.
|
1965–1967
|
«Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет етті.
|
1967–1976
|
«Жазушы» баспасында қызмет етті.
|
1976–1981
|
Мемлекеттік баспалар комитетінде қызмет етті.
|
1981
|
Осы жылдан бірыңғай шығармашылық жұмыста.
|
1998
|
«Қазақстанның Халық жазушысы» деген атақ берілді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |