Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет37/162
Дата08.02.2023
өлшемі462,66 Kb.
#66249
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   162
Байланысты:
Әдебиет.Шың кітап

Жаяу Мұса Байжанұлы
 (1835-1929)
Туған жері: қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жасыбай көлінің маңы.
Қызметі: әнші, ақын, композитор.
Әкесі Байжан кедей шаруа болған. Анасы Нақыш ертеректе дүние салып, Мұса Байжанның ағасы Тайжанның қолында тәрбиеленеді. Жеті жасында хат таниды.
1851 жылы Қызылжарға (қазіргі Петропавл) келіп, орыс тілін үйренеді.
1854 жылы Омбы қаласындағы орыс мектебінде оқыған. Осындағы кітапханадан Санкт-Петербор, Мәскеу, Қазан, Орынбор, Ақмола, тағы басқа қалаларда шығатын газет-журналдармен, кітаптармен танысады.
Тырнақалды туындысы «Қыздар-ай» Омбыда дүниеге келді.
Ол домбыра, қобыз тартумен қатар, сырнай мен скрипка ойнауды да меңгереді. Оның Шоқан Уәлихановпен бірге жүруі, Ыбырай Алтынсариннің өлеңіне («Кел, балалар, оқылық!») ән шығаруы, өлеңмен күнделік жазуы, Абайға өлең арнауы, Л.Н. Толстой кейіпкерінің атын баласына қоюы – оның заман лебін терең сезінгендігін байқатады.
1860 жылы билігі жүріп тұрған Шормановтар әр түрлі жала жауып, оны Тобылға 12 жылға жер аудартады. «Сүйіндік», «Тұтқын зары» әндері осы кезде шыққан. Тұтқында 2 жыл болғаннан кейін өзі сұранып әскерге кетеді. Оны Литвада Орталық Азия жорығына дайындалып жатқан Г.Черняевтің отрядына жібереді. 1863-1865 жылдары осы отрядтың жүк батальоны құрамында Шымкент, Әулие-ата (Тараз), Верный (Алматы) жорығына қатысқан. Черняевтің халыққа көрсеткен зорлығына қатты наразы болып, туған ауылына оралады.
Ол туған ауылына оралып, ауыл өміріне қызу араласты. Баянауылдың аға сұлтаны Мұса Шорманов пен оның інісі Мұстафаның зорлық-зомбылығын айтып, Омбы генерал-губернаторына шағым жазады. Сол үшін ағайынды Шормановтар оның астындағы атын тартып алып, «жаяу» атандырды. «Ақсиса» әнін осы тұста шығарған.
Әлеуметтік теңсіздік жайлы әндері:
«Ақсиса»
«Хаулау»
«Шормановқа»
«Толғау»
«Бұзау зары»
«Тұтқын зары»
«Сүйіндік»
Туған жер табиғатын суреттейтін әндері:
«Баянауыл»
«Жаздың күні»
«Жазда»
«Ұлытау»
«Сарын»
Аңшылық-саятшылық туралы әндері:
«Тұрымтай»
«Қаршыға»
«Көгершін»
«Құлбай»
«Қазан қыздары»;
Махаббат жайлы әндері:
«Сұрша қыз»
«Шолпан»
«Сәулем қыздар»
«Гауһар қыз», «Ләйлім»
«Келдім, Сапар, басыңа» (өмірлік серігі Сапарға арналған).
Күйлері:
«Қыз күйі»
«Қыз-бала күйі»
«Қызқарқара»
«Қамшылау»
Мысалдары:
«Шал мен торғай»
«Бөдене мен қаншыр».
Оның әндері мен күйлерін алғаш нотаға түсіріп, жазып алғандар: А.Затаевич, А.Жұбанов, Б.Ерзакович, М.Лалинов;
Әндерін айтып берушілер: Қ.Бабақов, Қ.Байжанов, Ә.Қашаубаев, Қ.Лекеров, Ж.Елебеков және Жаяу Мұсаның баласы Салық Мусин.
Оның музыкалық мұрасын қазақ сазгерлері опера («Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Біржан-Сара», «Бекет»), симфония, эстрада жанрларында пайдаланған.
Жаяу Мұсаның әндері қазіргі әншілердің (Ермек Серкебаев, Қайрат Байбосынов, т.б.) репертуарында бар.
Әнші бейнесі З.Ақышевтің «Жаяу Мұса» романында сомдалған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет