Туған жері:Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ деген жер.
Қызметі: белгілі қазақ ақындарының бірі.
Ол кедей отбасыдан шыққан. Әкесі Аронның шаруасы тым шағын болып, кейде ішер ас, мінер атқа зар болған екен.
Ол 14-15 жасынан бастап ақындық өнерін машық ете бастаған. Алғашқы бетте ел аузынан естіген аңыз-ертегілерді, қисса-жырларды жаттап алып, жиын-тойларда айтып жүрген.
Cүйінбайдың Тезек төремен кездесуі – елге танылған шағы. Қалың бұқараға сүйенген ақын тайсалмай сөйлеп, Тезек төрені ел алдында әшкерелеп, бас көтертпей сынайды.
Оңтүстік, Шығыс, Орталық Қазақстан жерін аралаған. Өзіне тұстас Майлықожа, Майкөт, Қаңтарбай, Тезек төре, Бақтыбай, Қатаған сияқтылармен кездескен, кейбірімен айтысқан. Өзіне дейінгі ақындардан өз атасы Күсептің жырларын, Жанкісі жыраудың өлеңдерін жақсы білген.
М. Әуезов Сүйінбайды «он тоғызыншы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп атаған.
Біржан сал Қожағұлұлы (1834–1897)
Туған жері: қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданы, Степняк қаласы.
Қызметі: ақын, әнші, композитор. Қазақтың әншілік-орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген аса дарынды халық композиторы. Руы – Керей.
Әкесі Тұрлыбай кедей шаруа болған, Қожағұл – Біржанның атасы.
Біржанның алғашқы әндерінің бірі – «Біржан сал». Мұнда жастық шақтың от-жалыны да, салдық, серілік салты да, сұлулык атаулыға қызығу да көрініс береді.
Әндері: