Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет59/162
Дата08.02.2023
өлшемі462,66 Kb.
#66249
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   162
Байланысты:
Әдебиет.Шың кітап

ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ САНДЫБАЙҰЛЫ
(1856–1932)
Туған жері: бұрынғы Көкшетау уезіне қарасты №5 ауыл.
Қызметі: ақын-әнші, сазгер. «Әнші-ақындар» деп аталатын үлкен бір өнерпаз топтың көрнекті өкілі.
Руы – Қарауыл, оның ішінде Қалдаман.
Жас кезінде ауыл молдасынан хат танып, сауатын ашқан. Сегіз-тоғыз жасынан ән сала бастаған. Шаруаға жас кезінен ыңғайы болмаған. Әкесі Сандыбай ағаш шебері болған. Ал Ыбырай айналасындағы ағайын-тумаларының айтқандарына көнбей, ерте атқа мініп, серілік жолға беттеген.
Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» әні халық арасына 4 түрлі нұсқада таралған. Бұл ән Үкілі Ыбырайдың соңғы туындысы болса керек. Бұл шығарманың төрт түрі болуының мәнісі – ақын-әншінің өз дүниесін көңіл қошына қарай түрлендіре айтуында болса керек.
Әндері:
«Мақпал»
«Қалдырған»
«Маңмаңкер»
«Арарай»
«Шалқыма»
«Ал, гәк»
«Желдірме»
«Толқын»
«Қарақат көз» (ару қыздың сұлу сипатын аса нанмды етіп бейнелеп берген).
«Гәкку»
«Жиырма бес»


БАЛУАН ШОЛАҚ (Нұрмағамбет) БАЙМЫРЗАҰЛЫ
(1864–1919)
Туған жері: Жамбыл облысы, Хан тауының маңы. Көкшетау өңірінде өмір сүреді.
Қызметі: қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны.
Оның есімін халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған.
Шыққан тегі – Дулат. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде өтіп, Атығай, Қарауыл руларының арасында өскен.
14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құлағында ойнаған спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әр түрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған. Көкшетау қаласындағы үлкен жиындарда 51 пұт (830кг-дай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған. 1899 жылы орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырғанда Балуан Шолақ 35-те еді.
Әке-шешесі қайтыс болған соң, Ғаникей деген қызға үйленгеннен кейін ел аралап, салдық құрады және жалғыз-жарым жүрмей, маңына әнші-күйші, палуан, өнерлі жастарды жинайды. Топ құрып, «ансамбль» болып сауық құру оның дәстүріне айналған. Өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері әндерінің тамаша орындаушысы әрі насихатшысы болады. Олардың әнші-композиторлық дәстүрін берік ұстанып, кейін өзі де ән шығарады.
Халық арасына кеңінен тараған әндері – «Ғалия» мен «Сентябрь» (Балуан Шолақтың өз бейнесі жасалған).
Қалған әндері:
«Ащылы-айырық»
«Балуан Шолақ»
«Желдірме»
«Дікілдек»
«Ғалия»
«Дүние»
«Жатық»
«Сентябрь»
«Көкшетау»
«Қосалқа»
«Қос барабан»
«Қос перне»
«Құлан кісінес»
«Кенже қоңыр».
Әнші, атақты балуанның өмірі туралы белгілі жазушы С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» атты кітабы жарық көрген.
Алматы қаласындағы 1967 жылы салынған Спорт сарайы Балуан Шолақ есімімен аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет