Әсет Найманбаев
(1867–1922)
Туған жері: Қарқаралы уезінің Темірші болысына қарайтын 8 ауыл (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Мақаншы ауданы, Бақты аулы). Осы маңдағы Керегетас, Қызыларай таулары мен Қаршығалы өзенінің бойы Әсеттің атамекені болған.
Қызметі: қазақтың атақты әнші-композиторы, суырыпсалма ақыны.
Әсет 7-8 жасында Көктума да Зейнулла имамның медірессесінде оқиды. 14-15 жасқа келгенде, әкесі өліп, Көктал болысындағы нағашысына барады.
Ол – негізінен айтыс ақыны. Оның Ырысжанмен айтысы – айтыстарының ішіндегі ең айрықша, көркемі. Одан басқа Әріп, Бақтыбай, Кәрібай, Қали, Сәмет ақындарымен және Мәлике қызбен айтысқан.
1916 жылы патша жарлығына байланысты дүрліккен елмен бірге Әсет те Қытай еліне, Шығыс Түркістан жеріне өтіп кетеді. 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болған.
А.С.Пушкинның «Евгений Онегин» романын еркін аударып, оны өзі қисса етіп жырлаған.
Қисса-дастандары:
«Салиха-Сәмен»
«Ағаш ат»
«Шеризат»
«Жәмсап»
«Үш жетім қыз»
«Француз»
«Барат қыз»
«Нұрғыман-Нағым»
«Мәлік-Дарай»
«Кешубай».
Әндері:
«Үлкен Ардақ»
«Кіші Ардақ»
«Еркем-ай»
«Қаракөз»
«Шама»
«Әсет»
«Қоңыр қаз»
«Майда қоңыр»
«Мақпал»
«Қайшақбай»
«Інжу-Маржан» (махаббат туралы)
«Жалған-ай»
«Сырмақ үйкер».
«Беташар», «Аужар» (халық ауыз әдебиетінің үйлену салт өлеңдері жайлы)
МҰХАМЕДЖАН СЕРАЛИН
(1872–1929)
Туған жері: Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Өрнек ауылы.
Қызметі: ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының үлкен қоғам қайраткері, жазушы, ақын, публицист, журналист.
Троицкідегі медреседе оқып, Қостанайдағы 2 кластық орыс-татар мектебін бітірген.
1911-1915
|
Троицкіде «Айқап» журналын шығарды.
|
1919-1920
|
«Ұшқын» газетінің қызметкері.
|
1921-1922
|
Қостанайдағы Шұбар болыстық атқару комитетінің төрағасы.
|
1922-1923
|
Қостанай губерниялық атқару комитеті төрағасының орынбасары.
|
1923-1926
|
«Ауыл» газетінің редакторы.
|
1900
|
Алғашқы жарияланған «Топжарған» поэмасы қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар қатарына жатады. Поэмада ХІХ ғасырдың 30-40- жылдарындағы қазақ өмірі, Кенесары, Наурызбай бастаған қозғалыс бейнеленген. Поэманың негізгі кейіпкері Адай жігітінің бостандықты көксеген ой-арманы Кенесары көтерілісімен желілес беріледі.
|
1903
|
Осы жылы жарық көрген «Гүлқашима» поэмасы әйел теңсіздігі мәселесіне арналған. Ақын ескілікті әдет-ғұрыптарға және қазақ қоғамының кертартпа күйіне негізгі кейіпкердің (Баймағамбет) өлімі арқылы наразылық білдіреді. Поэмада еркінен айырылған адал жардың сезім тазалығы жырланады.
|
Өлеңдері:
«Бай, патша һәм кедей»
«Бай, қасқыр, аңшы» т.б.
Мақалалары (қазақ қауымын» жоғын жоқтап, отырықшылдық, оқу-ағарту секілді басты мәселелерді нақты көтерді):
«Аштық хаһында»
«Келешек заманымыздың қамы»
«Қазақ халқының мұң-мұқтаждығы»
«Қазақ жастары»
«Отырықшы болған қазақтар туралы» т.б.
Фердоуси «Шаһнамасының» «Рустам-Сухраб» бөлімін В.Жуковский нұсқасынан, сондай-ақ А.Сорокиннің «Жусан» повесін қазақ тіліне аударған18.
Достарыңызбен бөлісу: |