Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет64/162
Дата08.02.2023
өлшемі462,66 Kb.
#66249
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   162
Байланысты:
Әдебиет.Шың кітап

Қосымша мәлімет:
Қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі – «Әдебиет танытқыш».
Кітаптың 1-бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыры, тараулар мен тармақтар, тіл әуезділігінің қыруар шарттары, «сөздің өлең болатын мәнісі», өлең айшықтары, «шумақ түрлері», «тармақ тұлғалары», «бунақ буындары», «ұйқастығы» т.б. сөз етіледі.
Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары - шежіре, заман хат, өмірбаян, «мінездеме», тарихи әңгіме, «әліптеме, әліптеу тәртібі - мәнді әліптеме, сәнді әліптеме, жол әліптемесі, байымдама, байымдау әдістері, түрлері - пән, сын, шешен сөз, оның түрлері, саясат шешен сөзі, білімді шешен сөзі, уағыз көркем сөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді.
Еңбектің «сындар дәуірі, онда шығарма түрлері» атты тарауы өте маныз-ды. Онда сыншыл реализм туралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге болады.
А.Байтұрсынов: «Біздің заманымыз – жазу заманы, жазумен сөйлесу, ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман».


ҚАЗАҚ ҚАЛПЫ
Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз қалқып, көшпесі жоқ.
Жел соқса, құйын қуса жылжи беру
Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ.

АНАМА ХАТ


Қарағым, дұғагөйім, камқор анам!
Арнап хат жазайын деп, алдым қалам.
Сені онда, мені мұнда аман сақтап,
Көруге жазғай еді хақ тағалам!

!


Мысалдары:
ҒҰМАР ҚАРАШЕВ
(1876–1921)
Туған жері: Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы.
Қызметі: «Уақыт», «Тәржіман», «Ұлфат», «Шора» т.б. татар-ноғай газет-журналдарына ат салысып, танымал көсемсөзші болған. «Жәдидтік» жаңаша оқу жүйесін құптаған. Абай поэзиясынан көп үйренген ақын. Өз ұстазы Ш.Бөкеевтің әсері бүкіл шығармашылығына өнеге болған.
1911-13 ж.ж. Уфа, Қазан қалаларында «Қарлығаш», «Тумыш», «Бәдел қажы», «Бала тұлпар», 1914 жылы Орынборда «Аға Тұлпар», 1918 жылы «Тұрымтай» кітаптарын шығарған.
Ғұмар – «Алаштың» ұранын (гимн) жазып алаштың рухын көтерген өнерпаз.
Ақын ретінде діннің тазалығы жолында да күрес жүргізген. Меккеге қажыға сапар шеккендердің аярлығын, арамзалығын әшкерелеп («Бедел қажы»), дінге деген адалдығын сақтап өткен.
«Аға тұлпар» кітабында патшалық өкіметтің озбырлығы, жерінен айрылған ел зары, ұлт зардабы, қазақ елі көріп отырған әділетсіздіктің небір қыры ақындық тереңдікпен ашылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет