Спандияр Көбеев (1878–1956)
Туған жері: қазіргі Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы.
Қызметі: Абай, Ыбырай салған ағартушы-демократтық үлгідегі педагог-жазушы, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі.
1887-1892
Ы.Алтынсарин ашқан мектепте оқиды.
Бұдан соң Қарағайлыкөл деген жердегі төрт жылдық мектепте, Қостанай қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебінде оқиды.
Ұстазы Ы.Алтынсариннің қазасынан кейін оның қызмет жолын жалғастырмақ болып, Қостанайдағы екі жылдық курсқа түсіп, бастауыш класс мұғалімі болып шығады.
1910
И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, Уфада «Үлгілі тәржіма» деген атпен бастырады.
1912
Қазан қаласында «Үлгілі бала» кітабын бастырады. Бастауыш сынып балаларына арналған бүл оқулықта ол өзінің төл шығармаларын, орыс классиктерінің балаларға арналған әдебиет үлгілерін, қазақтың ауыз әдебиеті түрлерін, орыс мысалшыларының еңбектерін кіргізді.
1914
«Қалың мал» романын жазды. Романның тақырыбы – әйел теңсіздігі мен жастардың бас бостандығы.
1939
Оқу-ағарту саласындағы ұзақ жылғы еңбегі үшін Ленин орденімен марапатталды.
1944
«Қазақ КСР-на еңбегі сіңген мұғалім» атағы берілді.
1949
Екінші рет «Ленин» орденін кеудесіне тақты.
1956
78 жасында қайтыс болды.
Өзінің халық ағарту қызметіне арнаған өмірін «Орындалған арман» өмірбаяндық кітабында өрнектеді.