«Сахара сандуғаштары», «Халық ақындары» т.б. еңбектері
өнер саңлақтары жайлы
МҰХТАР ӘУЕЗОВ (1897–1961)
Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы (бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысындағы Қасқабұлақ деген жер).
Қызметі:аса көрнекті қазақ жазушысы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы, қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, академик. А.Құнанбайұлы өмірі жайлы тұңғыш энциклопедиялық эпопея («Абай жолы» роман-эпопеясы) жазған ұлы суреткер. Лениндік және Мемлекеттік сыйлық лауреаты.
Н.Погодин: «Қазақстан үшін Әуезов – екінші Абай». Абай қайтыс болғанда, М.Әуезов 7 жаста еді. Бала күнінен Абай шығармасымен сауат ашып, хат таниды. Оны бұл дәстүрде тәрбиелеген-өсірген атасы Әуез еді.