«Әнші» поэмасы Қымыз сататын үйді (адамдарын, киімін, мінез-құлықтарын, үй ішінің жиһазын, ыдыс-аяқтарын) суреттейді. БЕЙІМБЕТ (БИМАҒАМБЕТ) МАЙЛИН (1894–1938)
Туған жері:қазіргі Қостанай облысы, Тобыл ауданы, Майлин кеңшары (бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе елді мекені).
Қызметі: ақын, жазушы, драматург, публицист, қоғам қайраткері. Ол елуден аса жарық көрген әңгімелерінде ауыл өмірін бейнелеп, қарапайым қазақ адамының шынайы образын жасады.
2 жасында әкесі қайтыс болып, күн көріс үшін 7 жасында бір байдың қозы-лағын бағып, соңынан ат-арбасына делбеші болады.
1910–1912
Әбдірахман Арғынбаев деген кісінің медресесінде оқиды.
1913–1914
Троицкідегі «Уазифа» мектебінде оқиды.
1914
Уфа қаласындағы Медресе-Ғалияға түседі. Сонда талапты жастармен бірге «Садақ» қолжазба журналын шығарысады.
1914
«Садақ» атты қолжазба журналдың 3-санында Бейімбеттің тұңғыш туындысы – «Шұғаның белгісі» хиқаяты жарияланады.
1915
Емделу жағдайымен Троицкіге барды, сонда «Айқап» журналына өлеңдер бастырды, журналдың шығарушылары: М.Сералин, С.Торайғыровпен жүздеседі.
1916–1919
Ауылға оралып, ұстаздық етеді.
1916
Ұлт-азаттық көтеріліс кезінде халық жағында болып, «Қанды тұман», «Съезд», «Әкесінен хат», «Садақбайға» өлеңдерін жазды.
1919–1921
Жаңа үкімет тұсында ауылдағы кеңес жұмысына қатысады.
1922–1923
С.Сейфуллиннің шақыруымен «Еңбекші қазақ» газетінде істейді. «Кедейге», «Құтты болсын мейрамың» өлеңдерін жазды.