1949
|
Тұңғыш жинағы «Жеңіс жырлары» деген атпен жарық көрді.
|
1950
|
Нағыз поэма деңгейіндегі туындысы – «Нұрлы жол» поэмасы жазылды. Ол 1951 ж. жеке кітап болып шықты.
|
1957
|
«Қазақ әдебиеті» газетінің мерекелік санында жарияланған «Дала дастарқаны» дастаны да бір кеште жазылған.
|
1958
|
Осы жылы шыққан «Жыр туралы жыр» кітабына енген Жас ақын Мұса Жәлел туралы «Жыр туралы жыр» дастаны небәрі бір аптаның ішінде жазылып бітісімен, артынша «Қазақ әдебиетіне» басылды. Осы дастаны үшін Татарстанның Құрмет грамотасымен марапатталған. Осы дастанның артынша «Қиял қанаты» дастаны жазылды.
|
1964
|
«Мен – қазақпын» поэмасы – ақынның ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы. Бұл поэмада ақын халық атынан сөйлеп, қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Поэма орыс тіліне аударылып, Кеңес Одағының түкпір-түкпіріне тарады, радио, теледидардан таралды. Сөйтіп, қазақ халқының абыройын асырды, мерейін көтерді.
|
1969
|
Құрманғазы туралы «Кісен ашқан» поэмасы кітап болып басылды. 1970 ж. осы поэмасы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.
|
|
«Ғашық көзбен» кітабы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.
|
1978
|
«Қыран дала», «Сел» (табиғат апатын ауыздықтауға құдіреті жеткен адам еңбегінің ұлылығы, еңбектің ерлікке барабарлығы жайлы) поэмалары үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.
|
|
Шығармалары ағылшын, неміс, француз, поляк, испан, венгр, араб, монгол тілдеріне аударылған.
|
«Жесір тағдыры» марқұм анасы Зеріпке арналған.
«Кек» (Махамбет жайлы), «Айттым сәлем», «Байқоңыр баспалдақтары» атты көлемді дүниелері бар.
|
Поэмалары:
«Қыран дала»
|