Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет132/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   168
Байланысты:
ШЫҢ. ӘДЕБИЕТ.

«Байқоңыр баспалдақтары» т.б.



СЫРБАЙ МӘУЛЕНОВ
(1922–1993)
Туған жері: Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, Торғай кенті.
Қызметі: ақын, журналист.






Отан соғысына қатысқан.

1943

Абай ат. Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

1943–1950

Қостанай облыстық радиокомитетінде редактор, «Большевиктік жол» газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары;

1951–1955

Алматыдағы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі;

1955–1957, 1971–1977

«Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болды.

1957–1961

Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактордың орынбасары;

1964–1971

«Жұлдыз» журналының бас редакторы;

Атақ-даңқы:
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1970).
1-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Ту», «Халықтар Достығы», «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталды.
Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері.



Шығармашылығы
С.Мәуленов – 40-қа жуық жыр жинақтарының авторы. Шығармаларында туған жер, замандас және оның жасампаз еңбегі жырланады.
Шығармаларында көп көрінетін, көзге шалынатын поэтикалық бояу – көк түс.
1937 жылы тұңғыш өлеңі «Колхозшы» газетінде жарияланды.
1948 жылы «Өлеңдері» атты алғашқы жинағы жарық көрді.

Жинақтары:


«Жолдас» (1954)
«Жас жүрек» (1956)
«Таңдаулы өлеңдер» (1958)
«Жол үстіндегі жалындар» (1963)
«Жұлдыз жырлар» (1963)
«Шаңқай түс» (1966)
«Қызыл арша» (1969)
«Таңдамалылары» (2 том, 1972)
«Боз қырау» (1976)
«Тау гүлдері», «Шалқар», «Жалын» (үшеу де 1979)
«Жаңбырсыз күз» (1980)
«Шуақ», «Алтын тасқын» өлеңдер мен поэмалары (екеуі де 1981)
«Таңдамалы шығармалары» (3 том, «Алтын тасқын» 1-т. 1981, «Өлеңдері» 2-т. 1983; «Өлеңдері» 3-т. 1984).
«Жұлдыз жүрек» (1985) т.б.

Балаларға арнап «Барлаушы бал» (1961), «Құлыншақ», «Бала жолбарыс» (екеуі де 1963), Амангелді Имановтың балалық шағы туралы «Қорқақ торпақ» (1968) т.б. өлеңдер мен әңгімелер жазды.


1966 ж. «Жар нәрі» атты әдеби портреттер мен очерктер жинағы шықты. Мұнда республика еңбекшілерін халық шаруашылығын өркендетудегі еселі еңбегін туысқан республикаларға барған сапарларынан алған әсерлерін суреттейді.
1971 ж. Естеліктерден құралған «Ал Үркер төбеде тұр» кітабы шықты. Мұнда Абай, Ыбырай, Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Қ.Аманжолов, Н.С.Тихонов, М.Тұрсын-заде т.б. өмір жолын қысқа әрі көркем бейнеленген.
1972 ж. Отанымыздың 50 жыл ішіндегі қол жеткен табыстары, лениндік ұлт саясат баяндалаған «Шыңдағы шұғыла» атты мақалалар мен очерктер жинағы басылып шықты.
А.Пушкин, М.Лермонтов, Н.Некрасов, Т.Шевченко, В.Маяковский, А.Блок, С.Есенин, Н.Тихонов, М.Шолохов, Ә.Науаи т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Мәскеуде басылған орыс тіліндегі өлеңдер жинақтары:
«Жаңа көктем» (1956)
«Дала таңы» (1957)
«Көгілдір таулар» (1964)
«Жер нәрі» (1970)
«Апрель жапырақтары» (1972)
«Таңдамалы лирикалары» (1967)
«Тандамалы лирикалары» (1972)
«Жапырақтар жанады» (1972).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет