Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»


Әңгіме – оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанр. Әдебиет



бет161/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   168
Байланысты:
ШЫҢ. ӘДЕБИЕТ.

Әңгіме – оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанр.
Әдебиет – араб сөзі “үлгілі сөз» деген мағынаны береді.
Қазақша – «асыл сөз» деген ұғымды береді.
Баллада – лиро-эпостық сипаттағы шағын сюжеттік өлең. Баллада Француз, Испан, Итальян елдерінің поэзиясында туып, қалыптасқан лириканың ерекше бір түрі. Мысалы, Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» деген балладасы бар. Мысалы, Ғ.Мүсіреповтің «Жапон балладасын» қарасөзбен жазылған баллада деуге болады.Бәдік жыр – әртүрлі ауруларды емдеу ниетімен айтылатын жырлар.
Диалог – шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесіп сөйлесуі.
Ертегі – ауыз әдебиетінің көп тараған түрі. Онда халық өмірінің аңсаған қиялы мен көркем әдебиеттің шағын түрі.
Жанр – француз тілінен аударғанда «түр», «тек» ұғымдарын береді. Ол әдебиеттің мазмұндық, құрылымдық, пішіндік т.б. белгілері ортақ бір түрі деген ұғымда қолданылады.
Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау үшін бір затты не табиғат құбылысын тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Мақал – тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін беріп, ойды жинақтайды.
Мәтел – айтылатын ойдың ұшығы, тұспалы ғана болады.
Композиция (лат. құрастыру, шығарма) – сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын тәсілі. Сюжеттің құрылымы болады, оны композиция дейді. Олар:
а) басталуы
ә) оқиғаның дамуы
б) оқиғаның шиеленісуі
в) оқиғаның шарықтауы
г) оқиғаның аяқталуы немесе шиеленісуі.
Идея – көркем шығармада айтылатын ойды айтады. Мысалы, “Керқұла атты Кендебай» атты ертегінің негізгі идеясы – ізгі мұраттарды арқалағандар жеңіске жетеді.
Эпиграф – (грек. жазылған сөз) – әдебиетте және шығармалардың алдынан келтірілген үзінді, өнеге сөздер, не өлең жолдар.
Аннотация (лат. ескерту, аңдату) – кітаптың тақырыбы, идеясы және басты мәселелері өте қысқа түрде айтылады.
Құран – Ислам дінінің негізгі ережелері, уағыздары жазылған діни кітап.
Шумақ – өлең ішінде белгілі бір аяқталған бір ойды білдіретін және тармақтардың білгілі бір ретпен топтасуы. Шумақ бірнеше тармақтан тұрады. Мысалы, 2, 4, 6 т.б. құрылуы мүмкін. Мысалы,
Ғылым таппай мақтанба
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет