II. Әдебиеттану салалары: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны.
III. Шығарманы талдау:
тақырыбы мен идеясы (қандай оқиға болғанын айту);
сюжеті мен композициясы (оқиғаның қалай болғанын айту);
тип пен характер жайын айту (оқиға кімдердің басында болғанын айту);
тілі мен суреткердің стилі (оқиға қалай баяндалғанын айту);
суреткердің дүниетанымы мен көркемдік әдіс мәселесі (болған оқиғаға автордың көзқарасын айту);
IV. Көркем әдебиеттегі образ түрлері: Романтикалық образ – әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі (Желаяқ, Көреген, Саққұлақ, Таусоғар, Алдар көсе, Алпамыс).
Реалистік образ – әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі (Т. Ахановтың «Боран» романындағы Қоспан образы).
Эпикалық образ – кескін-кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип (Құнанбай, М. Әуезовтың «Абай жолы» романы).
Лирикалық образ – өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі, оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл-күйінің нәзік сыры мен сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер.
Драмалық образ – сахнада көзбе-көз, қолма-қол жасалатын бейне.
Юморлық образ – күлкілі кейіпкер; юмор өміріндегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегі сәулесі (Олжабек, Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» романы).
Сатиралық образ – ұнамсыз тип.
Фантастикалық образ – қиялдан туған қаһарман, адамның ақиқатқа ұқсас арманында бедерленген бейне (Ер Төстік, «Ер Төстік» ертегісі).
Трагедиялық образ – халықтың алыс арманы, алдағы бақыты жолындағы күрестің құрбаны (Төлеген, «Қыз Жібек» жыры).
Геройлық образ – ұнамды кейіпкер: адамға тән небір тамаша сипаттардың синтезі секілді сом тұлға, өз дәуірінің аяулы, асыл мұраттарынан туған тарихи тип.