VII. Айшықтаудың (фигура) түрлері: 1. Арнау:
а) жарлай арнау
ә) сұрай арнау
б) зарлай арнау
2. Қайталау:
а) жай қайталау
ә) еспе қайталау
б) әдепкі қайталау (анафора)
в) кезекті қайталау (эпифора)
3. Шендестіру (антитеза)
4. Дамыту (градация)
5. Сөз орнын ауыстыру (инверсия)
6. Сөз тастап кету (эллипсис)
7. Егіздеу (параллелизм)
VIII. Әдеби шығармалардың түрлері: әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия, т.б.
IX. Әдебиеттің тектері: эпос (проза), лирика (поэзия), драма; 1. Эпос: а) шағын көлемді эпикалық түр: аңыз, ертегі, мысал, әңгіме, фельетон, очерк, новелла, оқиғалы өлеңдер;
ә) орта көлемді эпикалық түр: повесть, поэма;
б) кең көлемді эпикалық түр: роман, эпопея;
2. Лирика: а) баллада, ода, идиллия, мадригал, эпигея, романс, эклога, сонет, эпиталама; эпиграмма, арнау;
ә) саяси, философиялық, махаббат, табиғат лирикалары;
3. Драма: трагедия, комедия, пьеса;
X. Көркем әдебиеттің тілі: проза – қара сөзбен жазылған шығармалар;
поэзия – өлеңді шығармалар;
XI. Өлең құрылысы: Буын – Бунақ – Тармақ – Шумақ – Ұйқас.
Анафора – сөз немесе сөз тіркесінің жол басында қайталануы. Мысалы,
Алтайдың арғы беті, бергі беті
Алтайдың біз тұрған жер ылғар шеті...
Ағажай Алтайдай, жер қайда-ай?
Ағажай Алтайдай, ел қайда-ай? (Халық өлеңі)
Әсірелеу (гипербола, грек. күшейту) әр түрлі құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені шамадан тыс асыра суреттеу тәсілі. Ол көбінесе батырлар жырында, ертегілерде, мақал-мәтелдерде көп қолданылады. Мысалы,
Астындағы Бурылдың
Жоғарғы ерні көк тіреп
Төменгі ерні жер тіреп (Қобыланды батыр)