Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет32/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   168
Байланысты:
ШЫҢ. ӘДЕБИЕТ.

«Би Темірге айтқаны»
«Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқан»
«Шағырмақ бұлт жай тастар».
«Асқар, асқар, асқар тау...»
«Арғымақ ару аттар...»
«Ор, ор қоян, ор қоян...»
«Алаштан байтақ озбасы...»
«Жапырағы жасыл жаутерек»
«Ер шобан»
«Ғизмет иәм би Темір»
«Бәйтерек»
«Арық хан»
«Қатынасы биік көлдерден»
«Боз үстінде от жаққан»
«Мен иемнің күнінде»

Оның шығармалары 19 ғасырдан бері қарай қағаз бетіне түсе бастады. 1875 жылы орыс және қазақ тілдерінде «Императорлық орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлімінің жазбалары» жинағында жарияланды6.


ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ
(XVI ғ.)
Туған жері: Дон өзені бойындағы Азау қаласы. Қайтыс болған жері: Астрахан қаласының маңы.
Қызметі: жырау, әскери қолбасшы, батыр.
Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарай мен Ыстамбұлда болған.
Жырларының негізгі тақырыбы – Отан қорғау, туған жерге деген сүйіспеншілік. Жырларында түркілік тұтастық идеясы бар.
Қырым хандығы, Ноғай ұлысы және қазақ халқын бірлікке, іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болуға шақырады.
Тайпааралық ұрыстардың бірінде 1523 жылы Астрахань маңында қаза тапты.


Бізге жеткен жырлары:
«Айнала бұлақ басы Тең»
«Азау, Азау дегенің»
«Тоғай, тоғай, тоғай су»
«Арғымаққа оқ тиді»
«Айналайын, Ақ Жайық» т.б.


Екі арыстан жау шапса,
Оқ қылқандай шаншылса...
Бетегелі Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген өкінбес! (...)


Тәңірінің өзі берген күнінде
Хан ұлынан артық еді менің несібем!
Азаулыда аға болған ерлер көп еді,
Әйтсе де алмаға ат байлағаны жоқ еді! (...)
АЙНАЛАЙЫН АҚ ЖАЙЫҚ
Айналайын ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?!
Еңсесі биік боз орда
Еңкейе кірер күн қайда?!
Қара бұлан терісін
Етік қылар күн қайда?!
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке киер күн қайда?!
Күмбір, күмбір кісінетіп,
Күреңді мінер күн қайда?!
Толғамалы ақ балта
Толғап ұстар күн қайда?!
Алты құлаш ақ найза
Ұсынып шаншар күн қайда?!
Садақ толған сайгез оқ
Масағынан өткеріп,
Басын қолға жеткеріп,
Созып тартар күн қайда?!
Кетбұғадай билерден
Кеңес сұрар күн қайда?!
Еділдің бойын ен жайлап,
Шалғынға бие біз байлап,
Орындықтай қара сабадан
Бозбаламен күліп-ойнап,
Қымыз ішер күн қайда?!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет