«Балаларыма өсиет»
«Түйе мойнын тұз кесер»
«Жылқыдан асқан мал бар ма?»
«Балпаң-балпаң кім баспас»
«Жауға шаптым»
«От басар орыны отаудай» және т.б.
Өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы. Мысалы,
Күлдiр де күлдiр кiсiнетiп,
Күреңдi мiнер ме екемiз,
Күдерiден бау тағып,
Ақ кiреуке киер ме екемiз!
Жағасы алтын, жеңi жез,
Шығыршығы торғай көз
Сауыт киер ме екемiз!
Ор қояндай жүгiнтiп,
Аш күзендей бүгiлтiп,
Жолбарыстай шұбарды
Таңдап мiнер ме екемiз!
Сол шұбарға мiнген соң,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол төңкерер ме екемiз.
Жалаулы найза жанға алып,
Жау қашырар ма екемiз!
Тобыршықты әндiген
Толтыра тартар ма екемiз!
Тобылғы түбi құралай,
Бытыратып атар ма екемiз!
Жарлауға бiткен жапырақ –
Жамылсақ тоңар ма екемiз.
Жазыққа бiткен бүлдiрген –
Сұғынсақ тояр ма екемiз!
Тобылғы сапты қамшы алып,
Тұмар мойын ат мiнiп,
Қоныс та қарар ма екемiз!
Ел жазылып жайлауда
Жақсылар кеңес құрғанда
Мұртымыз өрге шаншылып,
Бұрын да сөйлер ме екемiз!
ТӘТІҚАРА АҚЫН
(XVII ғ.)
Туған жері: Қостанай облысы, Урицкий ауданы.
Қызметі: азаттық күрестің азаншысы, басқыншыларға қарсы халықты үндеген жауынгер ақын.
Ақын есімі 1756 жылы қазақ жеріне басқыншылықпен кірген Цин үкіметіне қарсы күресте ерекше танылды. Абылай ханның жаугершілікке аттанғанда жанынан тастамайтын сенімді серігі, оның сарбаздарына дем беруші болған.
Шығармалары:
«Қамыстың басы майда, түбі сайда» (Абылай сарбаздарына жігер беру мақсатында туған)
«Көше тоқыраулы судың бойынан» (Абылайдың үлкен ұлы Жанбай қайтыс болғанда, қатты қайғыдағы Абылайға арнап шығарған) т.б.
БҰҚАР ЖЫРАУ ҚАЛҚАМАНҰЛЫ
(1668–1781)
Туған жері: қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы. Өз елінде қайтыс болған, моласы Далба тауында.
Достарыңызбен бөлісу: |