Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет95/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   168
Байланысты:
ШЫҢ. ӘДЕБИЕТ.

«Құлагер» поэмасы
Кейіпкерлер:
Ақан сері – негізгі кейіпкер.
Батыраш, Жақып, Күреңбай сыншы т.б.


Қысқаша мазмұны: Бірінші тарауда туған жер табиғаты суреттеледі. Негізгі оқиға желісі Арқада Ерейменді мекен етіп, 94-ке жетіп дүниеден өткен Сағынайға берілген аста басталады. Арнайы бәйге жарияланып, оған жер-жерден 1300 сәйгүлік келеді. Ілияс поэмада 20 жүйрік атқа жырмен сипаттама жасайды.
Сұлу әйел, жүйрік ат, бақ-дәулет өзімде ғана болсын дейтін аусар мінезді Батыраш бұған дейін Құлагерді сұратқан, ала алмаған соң, кек сақтап, оған қарсы Көктұйғынды баптайды. Кейін асқа келген Құлагерді көріп, булығып, кек қайнап, қастандық ойлайды. Бұл арада Құлагер мен Көктұйғынды мақтаған, даттаған сыбыстар тарап жатады. «Бас бәйге Батыраштікі, ол жүлдені шаппай алады» дегенді естіген Ақан сері қатты ашуланып: «Осы жолы Көкшолақты бөктеремін» деп салады. Мұны естіген Батырашты ашу қысып, салып ұрып, Ақан отауына тепсініп жетеді. Ақанның намысына тиетін ауыр сөздер айтады. «Құлагер Көктұйғынның басы-көзін су ғып озбаса, атым сенікі» деп серт береді. Әбден ызаға булыққан Батыраш жерге кіргендей күй кешеді. Осы арада ат сырын білмес көпшілік Құлагерді мазақтап жатқанда, Күреңбай сыншы Құлагердің нағыз тұлпар екенін соқырға таяқ ұстатқандай айтып береді.
Сөйтіп бәйге басталып кетеді. Кішкентайынан Ақан қолында өскен, Құлагерге талай шауып, талай бәйге жеңіп алған жетім бала Сері айтқан ақылмен тізгінді тежеп, қамшы салмай, жел жақта, шаң қаптырмай отырады. 1300 аттан суырылып төрт ат алға озып, Көкөзекке түсе бастайды. Сол жерде Құлагер мерт болады. Атының ажалына арқасы қайысқан Ақан аяқ астынан суырып салып ән шығарады.
Поэма арқылы Ілияс дарынсыздың талантты өлтіруін, қызғаншақтың талантты таптауын трагедиялық қуатпен суреттейді.
Құлагер аттың сипаты:
Ор болып қалушы еді шапқан жерің,
Шаттанып тұрушы еді қосқан елің.
Атығай, Қарауылға олжа салған,
Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет