Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет98/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   168
Байланысты:
ШЫҢ. ӘДЕБИЕТ.

«Шұғаның белгісі» повесі
Кейіпкерлер:
Шұға мен Әбдірахман – негізгі кейіпкерлер, бір-бірін сүйген жастар.
Есімбек – Шұғаның әкесі.
Қасым – повестегі оқиғаны әңгімелеуші.


Қысқаша мазмұны:
Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған қайғылы оқиғасы жайлы айтылады, жастардың бас бостандығына ерік бермей, қасіретке ұшыратқан ескілік сыналады. Бүкіл оқиғалар Қасым деген адамның әңгімесі болып беріледі.
Шұғаның әкесі Есімбек бай қызын кедей жігіт Әбдірахманға бергісі келмей, жастардың кездесуіне тыйым салады, сылтауратып Әбдірахманды жер аудартады. Осындай қатыгездікке шыдамаған Шұға қайғы-күйіктен өледі.


СӘКЕН (СӘДУАҚАС) СЕЙФУЛЛИН
(1894–1938)
Туған жері: бұрынғы Ақмола облысы, Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылы (қазіргі Қарағанды облысының Шет ауданына (бұрынғы Жаңаарқа ауданына) қарасты Ортау кеңшарының Қарашілік қыстағы. Яғни Сарыарқада туған.
Қызметі: ақын, жазушы, драматург, қоғам қайраткері, педагог, әдебиет тарихын зерттеуші ғалым, публицист.

1905–1908

Нілдідегі орыс-қазақ және Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде оқыды.

1908–1913

Ақмолада приходская школада, қалалық училищеде оқыды.

1913–1916

Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған. Омбыда қазақ жастарының «Бірлік» қауымын, Ақмолада «Жас қазақ» ұйымын ашып, «Тіршілік» газетін шығаруды ұйымдастырған.

1917

Ақмола Совдепі президиумының мүшесі.

1918

КОКП мүшесі.

1919

Ақмола совдепшілермен бірге тұтқындалып, Атаманның «азап вагонында» 47 күн азап шегіп, Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып құтылады.

1920

Қаз АКСР жариялаған Кеңестердің 1-Құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі, Жер-су комиссиясының төрағасы болды.

1922-1925

Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы.

1922

«Еңбекші қазақ» газетінің редакторы.

1925

Халық ағарту комиссараты жанындағы Ғылым орталығының төрағасы, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясының (Қаз.АПП) басшысы.

1926

БК(б) П Өлкелік комитеті партия тарихы бөлімінің меңгерушісі.

1927

Қызылорда Халық ағарту институтының, Ташкенттегі Қазақ педагогикалық институтының директоры.

1932

«Әдебиет майданы» журналының редакторы.

1934

Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры.

1936

Әдеби қызметінің 20 жылдығы тойланып, оған Еңбек Қызыл ту ордені берілді.

1937

Тұтқындалды.

26.02.
1938

«Халық жауы» ретінде атылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет