Шығармашылығы
1914 жылы алғашқы өлеңдер жинағы – «Өткен күндер» жарық көрді.
«Асығып тез аттандық» шығармасы – С.Сейфуллиннің шығармашылығының жаңа күрт бетбұрыс басы болған туындысы.
Поэтикасында символ дәрежесіне көтерілген бірнеше тұрақты образдар бар. Олар: асау тұлпар, қызыл сұңқар, аққу, домбыра, экспресс, альбатрос, сыр сандық, толқын.
М.Әуезов: «Төңкерісшіл драманың басы – Сәкеннің «Қызыл сұңқарлар» мен «Бақыт жолына» пьесасы».
Поэзиялық туындылары:
«Кел жігіттер» (қазақ әдебиетінде ең алғашқы төңкерістік жыр деп есептеледі.)
«Жас қазақ марсельезасы» (1919)
«Жұмыскерлерге»
«Жолдастар» т.б.
Драмалары:
«Қызыл сұңқарлар» (1920)
«Асау тұлпар» (1922, Орынбор)
«Домбыра» (1924)
«Аққудың айырылуы» (1925)
«Экспресс» (1926, Қызылорда)
«Социалистан» (1927)
«Тұрмыс толқыныда» (1928)
«Советстан», «Көкшетау» (1925, 4 бөлім, 47 тараудан тұрады)
«Альбатрос» (1933, қызықты поэтикалық формасымен оқшауланатын ірі туындысы.)
«Қызыл ат» (1933-34, Голощекин саясын әшкерелеу жайлы. Ақын мен аттың айтысына құрылған.)
«Бақыт жолында» (1935).
Повестері:
«Жер қазғандар» (1928)
«Айша» (1922)
«Біздің тұрмыс»
«Сол жылдарда»
«Жемістер» (1935).
Зерттеу еңбектері:
«Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары (1931)
«Батырлар» (1933)
«Қазақ әдебиеті» (1932).
«Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи мемуарлық романы бар. Мұнда М.Тәтімов, С.Шәріповтердің бастарынан кешкен оқиғаларды (1916-1919) қосалқы эпизодтар арқылы суреттеген.
Әндері: «Біздің жақта», «Тау ішінде» т.б.
Сапарғали Бегалин
(1895–1983)
Туған жері: қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Дегелең ауылы.
Қызметі: балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі, жазушы, зерттеуші, фольклорист маман.
Ауылдағы молдадан хат таниды.
|
1915
|
Семейдегі «Приходская школаны» бітіреді.
|
1916
|
Патша өкіметінің жарлығымен әскер қатарына алынады. Петроград түбінде қара жұмыс істеді.
|
1917
|
Ақпан төңкерісінен кейін үйіне қайтады.
|
1925–1928
|
Аудандық халық соты болды.
|
1935
|
«Теміржолшы» газетінде әдеби қызметкер.
|
Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында, кейінірек Жазушылар одағында қызмет етті. Ұзақ уақыт әдеби кеңесші болады.
|
«Құрмет белгісі», «Халықтар достығы» ордендерімен марапатталған.
|
Шығармашылығы
20 шақты поэма, 10-нан астам повесть, 100-деген әңгіме, көптеген естеліктер, зерттеулер, мақалалар жазған.
«Шоқан асулары» дилогиясы
|
Ш.Уәлиханов туралы
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |