Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет134/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   168
Тахауи Ахтанов
(1923–1994)
Туған жері: Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетырғыз селосы.
Қызметі: Қазақстанның Халық жазушысы.
1940 жылы Абай ат. Қазақ мемлекеттік педагогикалык институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде, өзі сұранып майданға аттанады.
Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды.
1948 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады.
Алғашқы өлеңдері «Жастар дауысы» деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби-сын мақалалары молырақ басылып, Ғ.Мүсірепов туралы алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланды.
Жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары – проза мен драматургия.
«Күй аңызы» – баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі. Мұнда өнер құдіретінің ботасы өлген бозінгеннің тарамыс болған терісіне жан беріп, суалған желінін сүтке толтырғанын айтады. Естемес күйшінің ауыр тағдыры, өз көкірегіндегі зары, алдамшы бір үміт сәулесіне елтуі баяндалады. «Нар идірген» күйінің шығуы жайлы. (Кейіпкерлері: Естемес күйші, шәкірті Оразымбет, екеуі тоқтаған үйдің қызы – Жаңыл)
1956 жылы «Қаһарлы күндер» атты романы жарық көрді. Мұрат, Уәли секілді жауынгерлердің соғыстағы және ұрыстан саябыр сәттердегі рухани байланысы арқылы, соғыс сияқты тарихи-саяси зұлматтың қарапайым адамды да, халықты да қорлау екені әр түрлі образдар арқылы бейнеленеді.
1966 жылы «Дала сыры» повесі үшін (өңделіп, толықтырылып, «Боран» романына айналды) авторға Абай Мемлекеттік сыйлығы берілді.


Драмалары:
«Сәуле» (1968)
«Боран» (1963, қарапайым еңбек иесі Қоспан тағдыры жайлы)
«Ант»
«Әке мен бала»
«Махаббат мұңы»
«Күтпеген кездесу»
«Арыстанның сыбағасы»
«Күшік күйеу».

«Махаббат мұңы», «Күтпеген кездесу» драмалары, «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу» комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында көрінді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет