Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет137/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   168
Байланысты:
ШЫҢ. ӘДЕБИЕТ.

Әбдіжәміл Нұрпейісов
(1924 жылы 22 қазанда туған)
Туған жері: Қызылорда облысы, Арал ауданы, Құланды ауылдық кеңесіне қарасты Үшкөң деген жер.
Қызметі: Халық жазушысы.

1942-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысына қатысқан.


1956 жылы М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген.
1962-1964 ж.ж. «Жұлдыз» журналының бас редакторы болды.
Қазір халықаралық Қазақ ПЕН клубының президенті.

1950 жылы тұңғыш шығармасы – «Курляндия» романы (Ұлы Отан соғысы туралы) жарық көрді. Бұл шығармасы үшін Жамбыл атындағы республикалық сыйлық берілді. «Курляндия» романын кейіннен өңдеп, толықтырып, 1958 жылы «Күткен күн» деген атпен қайта жариялады.


«Қан мен тер» трилогиясы (1-кітап – «Ымырт», 1961; 2-кітап – «Сергелдең», 1964; 3-кітап – «Күйреу», 1970) және «Сең» (1983), «Соңғы парыз» (1999) романдары дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған.




«Қан мен тер» трилогиясы Қазақ төңкерісі қарсаңындағы қазақ аулының, оның ішінде, Арал балықшыларының трагедиялық жағдайы, ұлттық табиғаты мен күллі адамзатқа тән арман-мұраты ерекше образдар арқылы айқын бейнеленген. Мәселен, Еламан, Тәңірберген, Ақбала, Судыр, Ахмет, Сүйеу қарт, Қарақатын, Қаратаз, Құдайменде т.б. әр түрлі кейіпкерлер арқылы әрі отаршылық, әрі әлеуметтік қыспаққа түскен қарапайым қалың елдің тыныс-тіршілігі айтылған.

«Қан мен тер» романы бойынша жасалған инсценировкасы М. Әуезов Академиялық қазақ драма театрының (1974 жылдан) репертуарынан тұрақты орын алды, экранға шығарылды. Шығарма авторына КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.




«Соңғы парыз» (1999) роман-дилогиясы – жазушының соңғы 20 жылын сарп еткен туындысы. Негізгі кейіпкерлері санаулы ғана: Жәдігер, Бәкизат, Әзім. Негізгі оқиға желісі осы үшеуімен сабақтас.
Арал теңізінің тартылуы – еліміз үшін, кейіпкерлер үшін азаматтық-өмірлік, әлеуметтік-моральдық сынақ. Әзім мен Жәдігер бірге оқып, бірге өскен, бірақ табиғаты екі басқа. Әзім үшін Аралдың тартылуы – биліктің, байлықтың көзі. Ол үшін туған жер, Арал, сұлу Бәкизат – бәрі аз күндік өмірдің қызығын көру үшін ғана керек. Ал Жәдігерді алаңдататыны – теңіздің тартылуынан зардап шеккен ауыл-аймақтың азып-тозуы.

1972 жылы таңдамалы әдеби-сын мақалалары «Толғау» (кейіннен «Жүрегі толы жыр еді») деген атпен қазақ және орыс тілдерінде жеке кітап боп шықты.


1985 жылы «Ақбидай туралы аңыз» атты очерктер жинағы жарық көрді.
А.Чехов, М.Горький, Н.Хикмет, испан жазушысы А.Кэсо шығармаларын қазақ тіліне аударған.
КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974).
2001 жылы Мәскеудегі Халықаралық Әдеби қордың «За честь и достоинство», 2003 жылы Халықаралық М.Шолохов атындағы сыйлықтардың лауреаты атанды.
Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен, РСФСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет Грамотасымен марапатталған.
1985 жылы Қазақ КСР Халық жазушысы болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет