Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет150/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   168
Байланысты:
ШЫҢ. ӘДЕБИЕТ.

Төлеген Айбергенов
(1937-1967)
Туған жері: Қарақалпақстан, Қоңырат ауданы.
Қызметі: ақын.

1959 жылы Ташкенттің Низами атындағы педагогикалық институтын бітіріп, 1965 жылға дейін мектеп мұғалімі, мектеп директоры болды.


Алғашқы жазған өлеңдерінен-ақ қазақ поэзиясына тың серпіліс, жаңа бір екпін әкелді. Оның туған жерге деген сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы өлеңдері 1961 жылы шыққан жас ақын-жазушылардың «Жас дәурен» жинағына кірді.


1967 жылы Нүкіс қаласында қайтыс болды.




Кітаптары:
«Өмірге саяхат» (1963)
«Арман сапары» (1963)
«Құмдағы мұнаралар» (1974 ж. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығын алды)
«Мен саған ғашық едім» (1970)
«Бір тойым бар» (1981, 1989)

Бұларда замандастарының бейнесі, ол аралаған қазақтың өлкесінің сыры мен кені, даладағы ұлы тіршілік ақынның бір жапырақ жүрегінің сүйіспеншілігіне бөленген.


18-19 буынды өлеңдер жазып, өлең құрылысына жаңалық әкелген.


1987 жылы «Мир созвездий» атты таңдамалы жырлары орыс тілінде жарық көрді.




«Ана» өлеңінен үзінді:
Арманыңды ақтармын ба көкірегімде тербесем,
Айңа сіңлі, қарындассың қасиетті жерге сен.
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.


Шетелдік қазақтар туралы жазған «Ришад – қыр қазағының баласы» өлеңінен үзінді:
Мен сыйлаған тақияны
Төсіне
Басып тұрып,
Қарады-ау бір тесіле.
Үнсіз-түнсіз кетті әкесі бұрылып,
Туған жері түсті ме екен есіне.
Тапты деп бір туысқанын баласы
Қуанып жүр,
Мәз болып жүр анасы.


Фариза Оңғарсынова
(1939 жылы 5 желтоқсанда туған)
Туған жері: Атырау облысы, Манаш ауылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет