4) Бата-тілектер Бата – адал ниет, ақ жүректен шыққан жақсы тілек, жылы лебіз. Әдетте көпті көрген ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер, кемеңгер даналар, аузы дуалы кісілер, би-шешендер, ел әкімдері, молдалар, ғұлама кісілер бата береді. Бата жаңа туған нәрестеге, жаңа түскен келінге, ел қорғауға аттанған азаматқа, көшіп-қонуға т.б. байланысты беріледі. Мысалы,
Жорытқанда жолың болсын
Жолдасың Қыдыр болсын!
5) Төрт түлік, еңбек, аңшылық т.с.с. тақырыптар жайлы жырлар Қазақ халқында түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі малдарының жиынтығын төрт түлік мал деп атаған. Төрт түлік малды қазақ халқы аса қадірлеп олар туралы өлең-жырлар шығарған.
Мысалы,
Малдың баласын сүюі Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп...
«Ештеңені білмеген момыным» деп...
Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп...
Түйе сүйеді баласын «боташым» деп...
Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп...
Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп...
Төрт түліктің иелері
Түйе иесі – Ойсыл қара
Жылқы иесі – Қамбар ата
Сиыр иесі – Зеңгі баба
Қой иесі – Шопан ата
Қазақ халқы ертеде аңшылық пен аң аулауды да кәсіп еткен. Аңның етін, терісін, жүнін күнделікті тұрмыста қолданған. Еңбек, аңшылық жайлы жырларында аңшы-мергендермен қатар, алғыр қыран мен жүйрік тазыларды да өлеңге қосып жырлаған.
Мысалы:
Қазақ арасында ең көп тараған жырлардың бірі – «Көкжендет».
Көкжендет, қандыбалық, шіркін кәрі
Болар ма Көкжендеттей құстың бәрі
Ауылды құс етіне кәні қылған
Шіркіннің, не қылайын, өтті зары...
Наурыз жыры – парсы сөзінен аудырғанда жыл басы деген ұғымды білдіреді. Қазақ халқы наурыз мерекесін күн мен түннің теңелген күні тойлаған. Наурыз мейрамы наурыз айының 22-сінде мерекеледені. Мұны қазақтар «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған.
Мысалы: Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барса, жол болсын
Ұлыс бақты болсын
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін
Бәле-жала жерге есін!