Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет7/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   168
Байланысты:
ШЫҢ. ӘДЕБИЕТ.

«Аяз би» ертегісі
Кейіпкерлер:
Негізгі кейіпкер – Жаман Аяз би.
Меңді – Уәлі байдың қызы, Жаманның жары.
Мадан хан – сол елдің ханы.
Уәлі бай – Мадан ханға пара-пар бай.
Зәрлі хан – Мадан ханның атасы.
Ақша хан – Мадан ханның құдасы.


Мазмұны: Ертеде Мадан деген хан болыпты. Ханның 40 уәзірі болыпты. Хан уәзірлерін жинап: «Маған дүниедегі адамның жаманы, құстың жаманы, шөптің жаманын тауып әкеліңдер» – дейді. Бір ай уақыт береді. Енді уәзірлері шөптің жаманы деп «шеңгелді» алады, құстың жаманы деп «қырғауылды», ал адамның жаманы деп тауда жүрген жыртық тоны, басында тері тымағы бар ұсқынсыз бір адамды алып келеді. Аты – Жаман...
Жаман – ханның уәзірлеріне: «Шөптің жаманы – қара қоға, құстың жаманы – сауысқан» – деп, қырғауыл мен шеңгелді тастатып, олардың орнына қара қоға мен сауысқанды алдырады. Мұны көрген хан Жаман сұрайды. Сонда Мадан ханға Жаманнан былай дейді: «Тақсыр хан, елу жасқа келіп жаман болған жоқпын, жасымнан-ақ жаман едім. Өмірде отын-су тасып, еткенім кісінің құлшылығы болды. Шеңгелді әкеліп отқа жақсам, кешке жаққан отым ертеңге дейін сексеуілдің шоғындай болады. Ал қара қоғаны жаман дегенім отқа жақсаң жанбайтын, оның күлі бұрқырап үйдің ішін алып кететін және малға апарып берсең мұрнын шүйіріп жемейді. Қырғауылдың күні жоқ болса да қанаты бар, адамның пайдасына жарайтын құс. Ал сауысқанның жаманы – жүні ала болғаны сияқты, өзі де ала, бірлігі жоқ. Енді хан өзінің тұлпарын Жаманға сынатады. Тұлпарының сиырға шатыс екенін айтады. Себебі: судан өткенде аузын суға малып, артқы аяғын сілкіп өтеді... Енді хан өзінің гауһар тасының қандай қасиеті бар екенін сұрайды. Сонда Жаман тастың ішінде көз тиіп түскен екі қара бас құрт бар екендігін айтады. Ол екі жылдан кейін тесіп шығады дейді. Енді хан менің өзімді сынашы дейді. Неше атасынан бері хан екендігін сұрайды. Сонда Жаман сіздің аталарыңыз хан болмаған, хандық қара басында екенін айтады. Хан ашуланып шешесін шақыртады. Сонда шешесі барлық шындықты ортаға жайып айтып береді. Жаманды Уәлі байдың қызы Меңді сынайды. Қыз жеңгесінен гауһар, пышақ, тәрелке және қайрақ тас беріп жібереді және балға мен тас береді. Жаман қыздың берген тәрелкесін уатты, пышақты жетесінен сындырды, гауһар тасты қақ жарып қызға жібереді. Сонда қыз іздеген кісім осы деген екен. Жаманның бұл ісіне іші күйіп жендеттерін жіберіп хан ордасына алдырады. Жаманды «Барсакелмес» дейтін жерге жұмсайды. Содан кейін хан қызға барып Жаман енді келмейді мен сені қолыма алып бағамын, менімен жүр дейді. Сонда қыз ханға бармайды. Жаман аман есен келіп ханды ақылымен, көп білетіндігімен жеңеді. Халық сонда Жаманды қолтықтап әкеліп хан тағына отырғызады. «Аяз би» деп ат қойып сол аты өле-өлгенше қалыпты. Ордасының маңдайшасына жыртық тоны мен жаман тымағын шегелеп іліп қойыпты. Соған қарап Аяз би: «Әй, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл!» – деген екен.


БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Батырлар жыры – тұтас бір дәуірдің жан-жақты жақтарын қамти отырып, сол кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, атамекенін, ел ішіндегі әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп берді. Олар – ерлікті, батырлықты отансүйгіштікті насихаттап жазылған эпостық шығармалар. Онда батырлардың тегі, үйленуі, оның жары, тұлпары, ерлігі ерекше сомдалып сипатталады. Батырлар жырын пайда болу кезеңдеріне қарай үш топқа жинақтауға болады:
1) Ең көне заманғы эпостар: «Құламерген», «Дотан батыр», «Құбығұл», «Жоямерген», «Атилла», «Ергенекон» т.б.
2) Қазақ хандығы кезіндегі эпостар: «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Едіге» т.б.
3) Жаңа дәуірдегі эпостартар: «Өтеген батыр», «Еспенбет батыр», «Досан батыр», «Нарқыз батыр» т.б. Мысалы,





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет