Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»


А.Байтұрсынов: «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев



бет55/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   168
Байланысты:
ШЫҢ. ӘДЕБИЕТ.

А.Байтұрсынов: «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ».


М.Дулатов: «Біз бүгін ардақты ақынымыз марқұм Абайдың рухына дұға қылып, қараңғы заманда шырақ жаққан басшымыздың есімі, құрметі, терең мағыналы асыл сөзі атадан балаға, немереден шөбереге үзілмей сақталуын тілейміз. Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндері Абай құрметі күннен күнге артылар. Бірінші ақынымыз деп қадірін халқы жиі-жиі зиарат етер, халық пенен Абай арасы күшті махабатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар».


М.Жұмабаев:
Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның
Әлемнің құлағынан әні кетпес!
...Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,
Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.
Көз ашып, жұртын ояу болған сайын,
Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар.


М.Әуезов: «Қазақ жазушыларынан, әрине» Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да – Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда, маған «Абай» деген сөз «қазақ» деген сөзбен теңбе-тең түсетіндей кездері бар секілді»
«Поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Европа мәдениетінің игі әсерімен молықтырды.
Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр».


ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет