АХМЕТБАЙТҰРСЫНОВ (1872–1937)19 Туған жері: Торғай облысы, Торғай уезі, Тосын болысы, Сарытүбек қыстағы (қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Ақкөл ауылы).
Қызметі: аса көрнекті ғалым, ақын, түркітанушы, көсемсөзші, ағартушы, аудармашы-ұстаз, қоғам қайраткері, публицист-журналист, ҚазПИ-дің профессоры, этнограф, фольклорист, композитор әрі орындаушы. Қазақ тілі білімі, алфавиті, баспасөзі, қазақ әдебиеті теориясы және әдебиеттану ғылымының негізін салушы, Қазақ әліппесін (төте жазу) жасаушы. Алғашқы оқу құралының авторы. «Қазақ» газетінің бас редакторы (1913–1918). Алашорда үкіметі мен «Алаш» партиясының негізін салушы әрі көсемі.
Торғай қаласындағы екі класты орысша-қазақша училищеде оқыды.
1891–1895
Орынбордағы мұғалім даярлайтын мектепте оқыды.
1895–1909
Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында мұғалімдік қызмет атқарады.
1909
Губернатор Тройницкийдің жарлығымен 8 ай нақақтан-нақақ Семей абақтысына қамалады.
21.02.
1910
Түрмеден шығып, Орынборға келеді.
1913–1918
«Қазақ» газетінің бас редакторы болды.
1913
Абай тарихи қызметі жайлы «Қазақтың бас ақыны» деген мақала жазды.
1918–1919
Алашорда қатарында болады.
Наурыз
1919
Көптеген ұлт зиялыларымен бірге Кеңес үкіметі жағына өтеді.
1922–1925
Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер.
1925–1929
Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды.
Маусым
1929
Қамауға алынып, Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген.
1936
Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е.Пешкованың (М.Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен босатылған.
1937
8 қазанда тағы да қамауға алынған.
1937
желтоқсан айында атылды.
4.11.
1988
Қазақ ССР Жоғарғы Соты А.Байтұрсыновты қылмысы жоқ деп тапты.