ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ (1889–1931)
Туған жері: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жүсіпбек Аймауытов ауылы (бұрынғы Семей губерниясы, Кереку уезі, Қызылтау болысының бірінші ауылы).
Қызметі: қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, прозашы, ақын, драматург, аудармашы, ғалым, журналист, педагог-ұстаз, жазушы, сыншы, әнші, сазгер.
Маңызды деректер:
«Ең алғаш менің өлең жазғаным 13 жасар кезім болса керек. Дұғалық жазатын кішкене ғана кітапшама тіленші шалға есігін ашпаған кемпірді, көшкенде байталға мінбеймін деп әкесін ренжіткен қызды өлең ғып жазып қойғанымды әкем көріп, маңдайымнан иіскегені әлі есімде», - дейді Ж.Аймауытов өз естелігінде.
15-16 жасында үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып, орысша-қазақша екі сыныпты мектепке түседі.
1907–1914
Баянауыл орыс мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық школінде, Керекудегі орыс-қазақ мектебінде оқиды.
М.Әуезовпен бірге Семейде «Абай» журналын шығарып, «Екеу» деген бүркеншік атпен М.Әуезовпен бірлесіп, Абай қазасының 10 жылдығына арнап «Абайдың өмірі және қызметі», «Абайдан кейінгі ақындар» атты мақалалар жазды.
1920
ҚазАКСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары.
1921
Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі.
1922–1924
Қарқаралыда мектеп мұғалімі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы.
1924–1926
Ташкентте «Ақжол» газетінің бөлім меңгерушісі.
1926–1929
Шымкент педагогикалық техникумының директор.
1929
Қазақстанда ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалды.
1930
Москвадағы Бутырка түрмесіне қамалды.
1931
Атылды.
4.11.
1988
Қазақ ССР Жоғарғы Соты Ж.Аймауытовты қылмысы жоқ деп ақтап шықты.